«БАЯДЕРКА» балеті

Людвиг Минкус

«Баядерка»

бөлімді, 5 көріністі балет

_DSC8310

Либреттосын жазған Мариус Петипа мен Сергей Худеков

Хореография авторы Мариус Петипа

Владимир Пономарев-пен Вахтанг Чабукиани редакциясында,

Константин Сергеев пен Николай Зубковскийдің жекелеген билерімен

Қоюшы хореограф – Алтынай АсылмұратоваРесейдің Халық әртісі

Қоюшы хореографтың ассистенттері – Константин ЗаклинскийРесейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио (Италия)

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино (Италия)

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли (Италия)

Жарық бойынша суретші – Виничио Кели (Италия)

2 үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 55 минут

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Никия – Мәдина БасбаеваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Әйгерім Бекетаева / Назерке Аймұхаметова

Солор – Еркін Рахматоллаев / Тайыр ҒатауовҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Бақтияр Адамжан

Гамзатти – Гауһар УсинаҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Әнел Рүстемова

Ұлы брамин – Ильдар Шакирзянов / Жәнібек Иманқұлов

Раджа Дугманта – Рахметолла Науанов / Ильдар Шакирзянов / Жәнібек Иманқұлов

Алтын Пұт – Эльдар Сәрсембаев / Серік Нақысбеков

Магедавея – Серік Нақысбеков / Эльдар Сәрсембаев

Құл – Бауыржан Мекембаев / Жандос ӘубәкіровҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Сұңғат Қыдырбай

Толорагва – Марат Әбдірахманов / Жәнібек Ахмедиев

Джампе – Марико Китамура / Айдыс Саая / Инна Чуткова / Мөлдір Шәкімова

Ману – Гүлзира Жантемір / Әсел Құсайынова / Айжан Қажыбаева

Айя – Ұлмекен Бектаева

Көлеңкелер, солистер – Әсел Құсайынова / Айдыс Саая / Елена Семенова / Гүлзира Жантемір / Наталья Кондя / Анастасия Заклинская / Айша Қалдыбекова / Назерке Аймұхаметова

Үнді биі – Айша Қалдыбекова / Мөлдір Шәкімова / Назира Заетова /

Досжан Табылды / Сұңғат Қыдырбай / Ильдар Шакирзянов

Дабылшы – Бостан Қожабеков / Олжас Маханбетәлиев / Николай Коршунов

Grand Pas, жұп – Азамат Жанқабаев / Бауыржан Боранбаев / Сұңғат Қыдырбай / Мұхтар Жұманиязов

Үлкен төрттік – Елена Семенова / Айдыс Саая / Айша Қалдыбекова / Алмагүл Үмітбаева / Сэйка Тоносаки / Наталья Кондя / Алина Албаева / Аделина Төлепова / Диляра Мыңғалиева / Анастасия Заклинская

Кіші төрттік – Әсел Құсайынова / Айжан Қажыбаева / Әсел Оспанбаева / Инна Чуткова / Гүлзира Жантемір / Әнел Есқалиева / Жұлдыз Жұмажанова / Марико Китамура

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ

ОРКЕСТРІ, БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

I ПЕРДЕ

Бірінші көрініс

Ақсүйек жастар жолбарыс аулаудан қайтып келеді. Атақты жауынгер Солор факир Магедавеяға баядерка Никияны түнде ғибадатхана жанында күтетінін айтуды тапсырады.

Салтанатты түрде Ұлы брамин мен діни қызметкерлер, баядеркалар мен ғибадатхана қызметшілері шығады, осылай отқа табыну мейрамы басталады. Салтанаттың шарықтау шегі – Никияның әдемі биі.

Діни дәрежесі мен некелеспеу антын ұмытқан Ұлы брамин Никияға шынайы сезімін білдіреді. Оған Үнді елінің бар байлығын алып беруге уәде етеді. Бірақ, үрейленген Никия одан бас тартады.

Түнде Никия Солормен жасырын кездеседі. Солор баядерканы ешкім білмейтін жерге қашуға көндіріп, бірге бақытты болатындарына сендіреді. Алайда, бұл жағдайдың куәгері болған Ұлы брамин олардан кек алуға ант береді.

Екінші көрініс

Раджа Дугманта өзінің қызы Гамзаттиге үздік әрі айбынды жауынгер – Солордың әйелі болатынын жариялайды. Гамзатти қатты қуанады, ал Солор абыржулы: оның мұндай жоғары құрметтен бас тартуы қиын, бірақ ол Никияны сүйеді және оған адалдық антын берген!

Гамзаттидің некелесу рәсімін өткізу үшін сарайға Никия шақырылады. Осы кезде Ұлы брамин де келеді. Ол бәсекелесін құрту есебімен Никия мен Солордың махаббаттары туралы раджаға айтып береді. Дугманта қатты ашуланғанымен, шешімін өзгертпейді: Солор оның қызына үйленеді, ал баядерка өлуі тиіс. Оқиғаның бұлай аяқталуын күтпеген Брамин раджаны баядерканың өлімі үшін құдайлардың қарғысымен қорқытады, алайда Дугманта сөзінен қайтар емес.

Бұл әңгімені астыртын естіп қалаған Гамзатти күң қызға Никияны алып келуін бұйырады және оған жігітінің суретін әдейі көрсетеді. Никия қатты ашынып, қарсылық білдіреді: Солор оны ғана сүйеді, тек оған тиесілі. Гамзатти Никияға Солордан бас тартуды бұйырып, жалынады, бірақ баядерканың сүйіктісінен айырылғанша өлгені артық. Никия ашуға беріліп, бақталасына қанжармен ұмтылады. Гамзиттиді ажалдан тек қызметші әйел алып қалады.

ҮЗІЛІС

II ПЕРДЕ

Үшінші көрініс

Раджа сарайының алдындағы алаң. Гамзатти мен Солордың үйлену тойы.

Билеп жүрген Никияға гүл себеті ұсынылады. Оның ішінен шыққан жылан баядерканы шағып алады. Бұл Гамзаттидің кек алуы.

Ұлы брамин Никияға, егер Солорды ұмытса, у қайтаратын дәрі беретінін айтады. Бірақ, Никия өлім алдында өз махаббатына адал қалып, сүйіктісіне сөз бергенін ескертеді.

ҮЗІЛІС

III ПЕРДЕ

Төртінші көрініс

Солор күйзеліп, қатты өкінуде. Магедавея жас жігітті ауыр ойлардан алаңдатуға тырысып, жылан арбаушыны шақырады. Флейтаның үнімен Солор ұйқыға батады.

Бесінші көрініс

Солордың көз алдына қараңғыдан аруақтар көріне бастайды. Олар тау шатқалынан ұзынынан тізбектеліп түсіп келеді. Арасынан Никияны көреді. Ол оны шақырады…

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры