«БАҚШАСАРАЙ БҰРҚАҒЫ» балеті

Борис АСАФЬЕВ

«БАҚШАСАРАЙ БҰРҚАҒЫ»

Прологы мен Эпилогы бар, 4 көріністен тұратын 2 бөлімді балет

_DSC3320

Либреттосын жазған

Николай ВОЛКОВ

А. Пушкин поэмасының желісі бойынша

Хореография авторы

Ростислав ЗАХАРОВ

Жаңа хореографиялық редакция

Қоюшы дирижер АЙДАР ӘБЖАХАНОВ

ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы балетмейстерлер Тұрсынбек НҰРҚАЛИЕВ

ҚР еңбек сіңірген қайраткеріі

ҒАЛИЯ БӨРІБАЕВА

ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретші ЭЦИО ФРИДЖЕРИО (Италия)

Костюмдер бойынша суретші ФРАНКА СКУАРЧАПИНО (Италия)

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті СОФЬЯ ТАСМАҒАМБЕТОВА

Жарық бойынша суретші ВИНИЧО КЕЛИ (Италия)

Проекциялар бойынша суретші СЕРДЖО МЕТАЛЛИ (Италия)

Балеттің көркемдік жетекшісі АЛТЫНАЙ АСЫЛМ?РАТОВА

Ресейдің Халық әртісі

Бір үзілістен тұратын қойылым

Ұзақтығы 2 сағат 30 минут

Басты кейіпкерлер және орындаушылар

МАРИЯ Мәдина БАСБАЕВА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

князь қызы Назерке АЙМҰХАМЕТОВА

ЗАРЕМА Әйгерім БЕКЕТАЕВА

Керейдің сүйікті әйелі Гауһар УСИНА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Әнел РҮСТЕМОВА

КЕРЕЙ Тұрсынбек НҰРҚАЛИЕВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қырым ханы Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ

Жандос ӘУБӘКІРОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Бауыржан МЕКЕМБАЕВ

ВАЦЛАВ Тайыр ҒАТАУОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Марияның болашақ күйеуі Еркін РАХМЕТОЛЛАЕВ

Н?РАЛЫ Бақтияр АДАМЖАН

қолбасшы Серік НАҚЫСБЕКОВ

Арман ОРАЗОВ

Эльдар СӘРСЕМБАЕВ

КНЯЗЬ ПОТОЦКИЙ Рахметолла НАУАНОВ

Поляк шонжары Бауыржан МЕКЕМБАЕВ

Азат ЖҰМАҒҰЛОВ

ЕКІНШІ ӘЙЕЛ Диана БАТЫРОВА

Назира ЗАЕТОВА

ҚОҢЫРАУЛАР БИІ Әсел ҚҰСАЙЫНОВА

Әсел ОСПАНБАЕВА

Айжан ҚАЖЫБАЕВА

Әнел ЕСҚАЛИЕВА

ЖАС ЖІГІТТЕР Азамат ЖАҢҚАБАЕВ

Бауыржан БОРАНБАЕВ

Эльдар СӘРСЕМБАЕВ

Серік НАҚЫСБЕКОВ

ПОЛЯК ҚЫЗДАРЫ Гүлзира ЖАНТЕМІР

Айдыс СААЯ

Әсел ҚҰСАЙЫНОВА

Әсел ОСПАНБАЕВА

«КРАКОВЯК» СОЛИСТЕРІ Сэрина СУНАГАВА

Гүлнұр ҚАЙСАРОВА

Азат ЖҰМАҒҰЛОВ

Бауыржан МЕКЕМБАЕВ

Татарлар, қолбасшылар, қариялар, ханымдар, поляктар, белсіздер, күңдер

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТІ, ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Оқиға Польша мен Бақшасарайда XVIII-XIX ғасырлар аралығында өрбиді

КІРІСПЕ

Бақшасарай қамалындағы оңаша жатын бөлме. «қайғылы Марияға» арнап салынған мәрмәр бұрқағы алдында Керей хан басын июде.

I ПЕРДЕ

Бірінші көрініс

Ескі қамалда белгілі поляк шонжарының қызы Марияның туған күні тойлануда.

Князь қызы Мария қонақтарды қалдырып, өзінің болашақ күйеуі Вацлавпен кездеседі.

Күтпеген жерден қараңғыдан Керей хан әскерінің   барлаушысы пайда болады. Ол саябақтың қалың тоғайына жасырынып үлгерген сәтте, оны аңдыған поляк күзеті келеді.

Бұл уақытта мереке өзінің   жалғасын тауып жатты. Салтанатты полонез билеген қонақтар саябаққа шығады. Топ алдында әкесімен билеген Марияның жұбы. Полонез әуені мазуркамен алмасып, би биге ұласады.

Сауық-сайранға жаралы күзет бастығы келіп, татар шапқыншылығы туралы суыт хабар жеткізеді. Князь Адам Потоцкий ер-азаматтарды соғысқа шақырады. әйелдер қамалға жасырынады.

Поляктар қылыштарын суырып, жауғатойтарыс беруге дайын.

Татарлар өртеген қамал от құшағында. Оның қорғаушылары жаумен қанқұйлы шайқаста өлім құшуда. Аман қалған Мария мен Вацлав өрт жалыны мен қан төгіс алаңынан қашады, алайда олардың жолына жорық басшысы – Қырым ханы Керей тосқауыл болады. Керейге қарсы шыққан Вацлав, оның қанжарынан жан тапсырады. Марияның жамылғысын жұлып алған хан оның сұлулығына таңданып, тұрып қалады.

II ПЕРДЕ

Екінші көрініс

Бақшасарай қамалындағы Керей ханның гаремі. Көптеген күң қыздардың ішінде – Керейдің сүйікті әйелі Зарема бар.

әск ери кернейлер әні естіледі. Гарем өзінің   қожайынын қарсы алуғадайындалуда. Татарлар үлкен олжамен оралды. Тұтқындағы Марияны абайлап алып келеді.

Ойға батқан Керей гаремге кіреді. Зарема ханның көңілін ауламақ болғанымен, ол оны аңғармайды. Керейдің жүзінен қуаныш сезімі байқалады, сонда Зарема залдың арғы жағынан қызметшінің   жаңа күң – поляк ханшайымын алып келгенін көреді. Зарема Керейдің махаббатынан айрылғанын түсінеді.

Гарем әйелдері өз қожайынының көңілін көтеруге тырысады, Зарема да оның махаббатын қайтаруға үмітті, бірақ бәрі бекер. Хан Зареманы шеттеп, шығып кетеді. Зареманың үміті үзіледі.

Үшінші көрініс

Сәнді ұйықтайтын бөлме. Мұнда, қарт қызметші әйелдің күзетуіндегі, ханның сұлу  күңі зарығуда. Тек лютня аспабы ғана Марияға бұрынғы еркін өмірі мен бақытты кездерін қайта еске салады. Ол туған үйі мен Вацлав туралы терең ойға батады.

Марияның қиялын Керейдің келуі бұзады. Ол қызға жалбарынып, өз махаббатымен бірге барлық байлығын ұсынады. Алайда Марияда, сүйіктісімен қоса туғандары мен достарын өлтірген Керейге тек қорқыныш пен жеккөрініш сезімдері бар. Керей оған бағынады.

Зарема түн мезгілінде князь қызының ұйқы бөлмесіне кіреді. Ол Марияға арызданып келіп, Керейді өзінен бездіруді талап етеді.

Мария Зареманың қызбалы сөздерін түсінбей, одан жасқанады.

Зарема, Керейдің Марияға келгенде ұмытып кеткен тақиясын байқап қалады. Ханның осында болғанын ұғады. Бойын қызғаныш билеген Зарема Марияға қанжарын ала жүгіреді.

Керей кіреді, бірақ тым кеш: Зарема Марияны мерт қылады.

Төртінші көрініс

Керей хан сарайының ауласы. Барлығы оның алдында құлдық ұрып, үнсіз бастарын июде. Алайда, ханды ешнәрсе қуантар емес: татарлардың жаңа шайқастан келгені де, сұлу тұтқын қыздар да оған маңыссыз.

Зареманы өлім жазасына әкеледі. Керейдің нұсқауымен оны құздан лақтырады.

Керейдің қолбасшысы Нұралы қожайынын қайғылы ойлардан алыстатуға тырысады. Бірақ, жауынгерлер биі еш нәтиже бермейді.

ЭПИЛОГ

Керей «Көз жасы бұрқағының» алдында.

Жанында түрлі ойлар кесектесіп, Марияның әсем бейнесін қайта жандандырады.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры