Медет Шотабаевтың австриялық бастамасы

«Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев Винченцо Беллинидің «Норма» операсындағы Поллион партиясымен дебют жасады. Қазақстандық әнші танымал Graz Opera (Австрия) сахнасында өнер көрсетті.

PhotoWerK_OG_Norma_HP2GP_LoRes_049

Спектакльдің тұсаукесері 6 мамыр күні өтті, бұдан кейін біздің вокалист тағы 11 спектакльде рим проконсулының партиясын орындады, соңғы өнер көрсетуі 23 маусым күні өтті.

– Қойылымды біз бір ай дайындадық, маңызды музыкалық әрі режиссерлік жұмыс жүріп жатты. Бас кезінде, мен біраз қобалжыдым, бұл жаңа әрі күрделі партия қолымнан келе ме деп толқыдым. Бір жағынан, бельканто стилін шыңдап жатырмын деген зор қуанышты сезіндім, себебі бұл тәжірибе нәтижесін беріп, басқа да спектакльдерге оң әсер етері сөзсіз. Кейін, қойылым үрдісіне шабыттанып, музыкалық аурадан әсер алып, атақты әншілермен жұмыс жасай отырып, өзім де ашыла бастадым, актерлік шеберлігімді таныттым, жақсы ойын мен техникамды көрсеттім. Әріптестерім мені өте жоғары бағалады, – деді М.Шотабаев.

Жалынды қауым да қазақстандық әншіні қуана қарсы алды, тыңдармандар оны сахнадан жібермей, «браво» деп айқайлады. Спектакльдерден кейін біздің солистке музыкалық сыншылар мақала арнап жатты. Неміс тілінде шығатын сондай газеттердің бірінде вокалист өзі туралы келесі пікірді оқыды: «Қазақстандық жас әнші өзінің сыңғырлаған кең ауқымды даусын, икемді техникасын паш етті» – Kronen Zeitung газетінің цитатасы.

Сөздің реті келгенде, әнші отанының даңқын шығарып жүргенін айта кеткен жөн: қай жерде өнер көрсетсе де, барлық афишаларда оның есімімен қатар «Астана Опера» театры, Қазақстан атауы бірге жүреді.

– Өте көлемді жұмыс атқарылды – күнара ән шырқадым, әрдайым тонуста болдым. В.Беллинидің «Норма» операсы – бельканто стилі үлгісіндегі шыңдардың бірі екенін атап өткен жөн. Спектакльдер арасында Братиславаға барып қайттым, ол жерде П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсындағы Ленский партиясын орындадым. Осыдан өзімнің мансабымды бастадым, бұл партияны Бразилияда көрсеттім. Көрермендер мен басшылыққа ұнағаны соншалық, мені келесі маусымда Дж.Вердидің «Травиата» операсындағы Альфред партиясын орындауға шақырды, – деп жоспарымен бөлісті әнші.

Үш ай бойы Медет Шотабаевты отанында жанұясы мен қазақстандық табынушылары күтумен болды, ал жақында, 5 шілде күні Бейбітшілік және Келісім сарайы жанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұсынып отырған Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан сүйікті әншісінің даусын естіп, тамсана алады. Бұл операда Медет Төлегеннің партиясын орындайды. Тамыз айында әнші атақты маэстро Пласидо Домингомен бірге Дж.Вердидің «Травиата» спектаклінде өнер көрсетуге дайындалуда.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры