Латвиялық контратенор Астанада

Ол жайлы «Өзіңмен «сен» десемін» деректі фильмі (режиссері Д. Симанис) түсірілген. Ол – Уэльстегі BBC арнасының «Әлем әншісі-2005» байқауының, Санкт-Петербордағы Лучано Павароттиді еске алуға арналған халықаралық тенорлар байқауының жартылай финалының жеңімпазы (2008). Латвиялық белгілі контратенор Сергей Егерс 11 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Көктен төгілген дауыс» концертінде өнер көрсетеді.

SergejsJegers

Сергей Егерс табиғатта сирек кездесетін дауыс иесі. Контратенор – ерлер арасындағы опералық дауыстың ең жоғарғысы екендігін есімізге алайық.

Фортепиано партиясын Иева Шмите-Мисиня орындайды (Латвия). Ол – Латвия радиосы хоры мен Латвия Мемлекеттік академиялық хорының көптеген музыкалық жобаларының қатысушысы.

Иева Шмите

Кеш репертуарын құрайтын музыкалық шығармалар, әралуандығымен ерекше. Көрермен назарына тек барокко дәуірінің шығармалары ғана емес, сондай-ақ, К.В. Глюктің «Орфей мен Эвридика» операсынан Орфейдің «Мен Эвридиканы жоғалттым…» ариясы, А. Лоттидің «Әйтеуір айттың-ау», Дж. Каччинидің «Ave Maria», В. Беллинидің «Сүйікті ай» әні және солисттің ойынша, алда келе жатқан жаңа жыл қарсаңында тыңдарманға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын латвиялық композиторлардың рождестволық әндері ұсынылады.

– Біз қазақстандық жаңа театр – «Астана Опера» сахнасында өнер көрсететінімізге қуаныштымыз. Концерт тағы бір маңызды мереке – Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткелі тұр. Биыл сіздер мерейтойды – 25 жылдықты атап өтетіндеріңізді білеміз. Жас мемлекеттеріңізге өсіп-өркендеу, саяси және экономикалық тұрақтылық тілегіміз келеді, – дейді әртістер.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры