«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі Париж қаласында концерт бермек © khabar.kz

«Астана Опера» симфониялық оркестрі бүгін Ресейден табыспен оралды. «Мариинский» театрына жасаған екі күндік гастрольдік сапарда қазақ өнерінің жауһар туындыларын асқан шеберлікпен орындады. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, шетелдік майталман мамандардың жоғары бағасын алды. Бүгін өнер ұжымын жанкүйерлері Астана әуежайында құшақ жая қарсы алды.  Симфониялық оркестр Санкт-Петербордағы концертте тұңғыш рет Тілес Кажығалиевтің «Дала аңызы» сюитасының толық нұсқасын орындады. Туынды «Ауыл» шығармасымен толыққан болатын.  Ресейдің Халық әртісі, дирижер Валерий Гергиев бұл сюита қазақ классикалық музыкасының «келбетіне» айналуы тиіс екенін айтты.   «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі енді Париж қаласында концерт беруді жоспарлап отыр. Олар қазақ, орыс және батысеуропалық композиторлардың шығармаларын орындамақ.  Абзал Мұхитдинов, «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі -Бұл осы соңғы 15 жыл ішінде тыңдаған ең керемет шығарма деп Маэстро Гергиев баға берді. Қолма-қол телефон алып, Радион Щидринге звондап: «Бізде қазақтар осындай концерт берді. Керемет шығарманы біз сізге таспаға жазып алған сол жазбаларды жібереміз», – деді.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры