«Астана Опера» Жеңіс күнін атап өтеді

9 мамырда «Астана Опера» театрының Үлкен залында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтеді. «Жеңіс әндері, көктем әуендері» атты концерт бағдарламасына театрдың жетекші опера солисттері қатысады. Режиссердің ойы бойынша музыка көрерменді соғысқа дейінгі уақытқа, сосын соғыс жылдарына жетелейді, ал концерт жеңіс әндерімен аяқталады. Осы кеште дирижерлік тұғырға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдинов шығады. «Астана Опера» театрының бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ержан Дәуітов, концерттің режиссері Еренбақ Тойкенов.

_DSC9903

Бағдарламада соғыс жылдарының танымал әндері, сонымен қатар қазақ, орыс және батыс еуропа классикасының ең үздік туындылары опера солисттерінің, хор және оркестр әртістерінің орындауында шырқалады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мұхамедқызы және Дина Хамзина көрерменге «Астана Опера» театрында орындалмаған жаңа нөмірлерді дайындауда. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықпаев, Айгүл Ниязова және басқа солисттер көпшіліктің сүйікті мерекелік шығармаларын, сондай-ақ қазақ халық әндерін орындайды.

Соғыс жылдарындағы кинофильмдерден алынған кадрлар шырқалатын әндердің мәнін ашуға мүмкіндік береді, және оларды оркестрлік һәм хор нөмірлері айшықтай түседі.

– Ардагерлеріміз ұзақ жасасын деп тілеймін, оларды қадірлі тыңдарман арасынан көргеніміз бізді қатты қуантады. Олардың жасаған ерлігін жастар ешқашан ұмытпайды және біз оларға бейбіт өмір сыйлағаны үшін шексіз ризашылық білдіреміз. Өткен жылы мен Камералық залда Жеңіс күніне арналған концерт өткіздім, концерттен кейін адамдар көпке дейін тарамады, ән салып, би биледі, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Алдағы концерт те айтарлықтай қызық болады деп ойлаймын, – дейді ойын білдірген Еренбақ Тойкенов.

Концерттің басталуы – 18:00, билет бағасы 500 теңгеден 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры