«Астана Опера» әншiсi Салтанат Ахметова марапатталды © egemen.kz

20-01-2016-Anshy

АҚМОЛА. 20 қаңтар. Президенттiң 2015 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк марапаттармен марапаттау туралы» Жарлығына сәйкес мемлекеттiк және қоғамдық қызметте сiңiрген еңбегi, елдiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулi үлесi үшін «Астана Опера» театрының әншiсi Салтанат Ахметова марапатталды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әншінің «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» құрметті атағына ие болуы ақмолалық жерлестерін қуанышқа бөледі.

Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында Сергей Кулагин оған Елбасы атынан мемлекеттiк марапатты салтанатты түрде табыстады. Ол белгiлi әншi Ақмола облысының тумасы. Салтанат Ахметова Көкшетау қаласындағы Бiржан сал музыка колледжiнiң түлегi, Қазақ Ұлттық музыка академиясын «Соло әншiсi» мамандығы бойынша бiтiрген және Италияда Вокал Өнерi Академиясынан тәжiрибеден өткен. 2013 жылдан берi «Астана Опера» Мемлекеттiк опера және балет театрының әншiсi.

Айта кетейік, опера әншісі Villa in canto (Италия, 2011), Neue Stimmen (Германия, 2013) республикалық конкурстарының жеңiмпазы, сондай-ақ жас әншiлердiң «Большая опера» (Ресей) халықаралық телевизиялық конкурсы III-маусымының Гран-при иегерi.

Бақберген Амалбек.

Дерек, сурет: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры