«Astana Opera» ұжымы латын әліпбиіне көшуді қолдайды

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында 2017 жылдың 12 қазанында мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшірілуі жөнінде театр басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында театр директоры аталған мәселе бойынша кіріспе сөз сөйлеп, барлық қызметкерлердің осы тарихи оқиғаға белсене атсалысуын сұрады. Сонымен қатар, аударма бөлімінің басшысы Ә.Мұстафина қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы баяндама жасап, қызметкерлердің ортаға салған сұрақтарына жауап берді.

Жиналыс қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу бастамасын ұжым болып толық қолдайтыны жайлы ой-пікірлерін білдірді.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры