«ZYMYRAN ZAMAN»

2018 / 2019 Үлкен зал VІ маусым

16 қазан * сейсенбі * 19.00

СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

Композитор әрі пианист,

П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурсы лауреаттары Ассоциациясының мүшесі

РАХАТ-БИ АБДЫСАГИННІҢ

«ZYMYRAN ZAMAN»

АВТОРЛЫҚ КОНЦЕРТІ

 

Абдысагин Рахат-Би Төлегенұлы (02.02.1999) – композитор әрі пианист, ең жас өнертану ғылымдарының магистрі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурсы лауреаттары Ассоциациясының мүшесі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ең дарынды өнерпазға» кубогымен марапатталған. Қазақстанда тұңғыш рет жүргізілген «100 жаңа есім» жобасының ең жас жеңімпазы.

Ел арасында «Қазақстанның Моцарты» атанған Рахат-Би 10 жасынан бастап бүгінгі таңға дейін симфониялық оркестрге және әр сынды камералық ансамбльдерге арналған 100-ден аса классикалық музыкалық туындылар жазған. Оның музыкалық шығармалары Прага, Лондон, Вена, Париж, Берлин, Мюнстер, Лос-Анджелес, Байройт, Франкфурт, Бейжін, Сеул, Анкара, Стамбул, Мәскеу, Санкт-Петербург, Томск, Киев, Ялта, Рогашка-Слатина, Кьоджа, Бергамо, Грац, Мюрццушлаг, Аркей, Аликанте, Теулада-Морайра, Каир, Амман, Александрия, Астана және Алматының әлемдік концерттік сахналарында кеңінен орындалуда. Симфониялық оркестрлермен соло рояль партиясын өзі орындап, жеке концерттер де беруде. Шығармаларының партитуралары «Verlag Neue Musik Berlin» (Берлин қ., Германия) және «Композитор» (Мәскеу қ., Ресей) сынды баспа үйлерінде жарық көруде.

Рахат-Би 13 жаста студент, 17 жаста магистрант атанып, 18 жаста магистрлік диссертация қорғап, 18 жасында Италияның Рим қаласындағы Санта-Чечилия Академиясының докторантурасына қабылданған алғашқы қазақстандық. 14 жасында математика мен заманауи музыканың байланысын зерттеп жазған «Mathematics and Contemporary Music» атты және т.б. ғылыми еңбектерінің авторы. Ана тілімен қоса орыс, ағылшын, итальян, испан тілдерін де кеңінен меңгерген.

 

Бағдарламада шырқалатын Рахат-Би Абдысагинның туындылары:

Aftersounds of Romanticism (Романтизм Жаңғырығы) симфониялық оркестрге арналған

The Will to Live (Өмірге Құштарлық) фортепиано және симфониялық оркестрге арналған

God’s dwelling (Тәңір тұрағы) симфониялық оркестрге арналған

Forward into the Sunlight (Нұрлы Жол) скрипка мен симфониялық оркестрге арналған концерт

Beyond the darkness (Тас-түнектің аржағы) Лорд Байронның поэзиясы сарынында тенорлар хоры мен симфониялық оркестрге арналған баллада (кантата)

Tears of Silence (Тым-тырыстың тырсылы) фортепиано мен симфониялық оркестрге арналған концерт

Time Run (Зымыран Заман) симфониялық оркестрге арналған

Kazakh rhapsody (Казақ рапсодиясы) фортепиано және симфониялық оркестрге арналған

 

Концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен тенорлар хоры қатысады

 

Солистер:

Рахат-Би АБДЫСАГИН (фортепиано)

Ақбике АЛҒИ (скрипка), П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жастар конкурсының лауреаты

 

Дирижер – Дмитрий КРЮКОВ (Ресейдің Үлкен театры)

 

Ұзақтығы –1 сағат 50 минут (бір үзіліспен)

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры