Парижская Богема

ЖАҢА САХНАЛЫҚ РЕДАКЦИЯ ПРЕМЬЕРАСЫ

Джакомо Пуччини

«БОГЕМА»

4 бөлімді опера

Қоюшы дирижер – Джузеппе Акуавива

Қоюшы режиссер – Андреа Бернард

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

Балалар студиясының хормейстерлері – Алтынғаным Ахметова, Әйгерім Макибаева

Қоюшы режиссердің ассистенттері – Текла Гуччи, Еренбақ Тойкенов

Қоюшы сценографтың ассистенті – Риккардо Масирони

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Даниэль Бутар, Анна Верде

«Богема» сюжетін композитор танымал француз жазушысы Анри Мюрженің «Богема өмірінен көріністер» шығармасынан алған. Пуччини «Богеманың» музыкасын сегіз ай ішінде жазған. Опера премьерасы 1896 жылдың 1 ақпанында Туриндегі Teatro Regio сахнасында, 28 жасар Артуро Тосканинидің басшылық етуімен өтті. Кейін «Богема» барша әлем сханасын жаулап алды.

«Богема» – стилі мен рухы бойынша француздық деуге болатын, таңқаларлық нәзік сезіммен ерекшеленетін итальяндық опера. Ондағы оқиға Париждің Латын кварталында Рождество қарсаңында өрбиді. Опера кейіпкерлерінің бәрі жастар. Бұлар кедей зиялы қауым: ақын Рудольф, суретші Марсель, музыкант Шонар және философ Коллен. Өмірлерінің серігіне айналған мұқтаждыққа қарамастан, олар еңселерін түсірмей, қиындықтарды әзілмен қарсы алады. Күнделікті өмірлері қуаныш пен поэзияға, достық пен махаббатқа толы.

Көрші тұратын тігінші қыз Мимимен болған кездейсоқ кездесу Рудольфтің жүрегінде махаббат сезімін оятады. Мими де оған жылы жауап қайырады. Бірақ жастардың бақыттары ұзаққа созылмайды – Рудольф пен Мими ажырасады: Мими өкпе ауруына шалдыққан, ал Рудольфтің үйі сыз татқан әрі суық. Көктем соңында Мими Рудольфқа қайтып оралады. Өмірдің заңы солай, тіпті ең таза әрі нәзік, қорғаусыздардың өзі өлімге бұйырады.

Режиссер Андреа Бернард Дж.Пуччинидің «Богема» операсының жаңа сахналық редакциясын ұсынады. Екі деңгейлі ғаламат декорациялар, сахна төріне шығатын поезд және маэстро Эцио Фриджерионың өзге де жаңашылдықтары, сонымен қатар мереке көрінісінде кәсіби цирк әртістерінің қатысуы жас өнерпаздардың бізге таныс оқиғасын түрлендіріп, танымастай етеді.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Мими – Мария Мудряк /

Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Рудольф – Медет Чотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мюзетта – Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі

Марсель – Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты /

Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Коллен – Тайыр Тәжі / Болат Есімханов

Шонар – Андрей Борисенко / Ержан Саипов

Альциндор – Армин Бабаян / Тайыр Тәжі

Бенуа – Талғат Ғалеев / Мағжан Аманжолов

Парпиньоль – Бейімбет Таңарықов / Рамзат Балакишиев

Кеден сержанты – Самат Жарылқасынов / Бақтияр Омаров

Ұзақтығы – 2 сағат 30 минут (екі үзіліспен)

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры