Мәңгілік мұра

Концерт

«Мәңгілік мұра»

2019 жылғы 25 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Мәңгілік мұра» бағдарламасымен өнер көрсетіп, өзінің концерттік маусымын аяқтайды.

15 жыл бұрын негізі қаланған хор ұжымы бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың марапаттарын иеленген, олардың қатарында «World Choir Games» қос алтын медалі (Латвия, 2014), «Шабыт-2014» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдесі (Астана), «Жұбанов көктемі-2012» халықаралық байқауының бас жүлдесі (Ақтөбе), «Хайнувка» ХХХ халықаралық рухани музыка фестивалінің бас жүлдесі (Польша, Белосток, 2011), Бейжіңде өткен Бүкіләлемдік хор форумының екі алтын кубогы (Қытай, 2011), «Астана – ән қанатында» бас жүлдесі (Астана, 2008) және т.б. бар.

Хор ұжымының ауқымды репертуары ұлттық және әлемдік классика туындыларынан құралған. Хормейстер – Ержан Сансызбаев.

Көркемдік жетекшісі әрі дирижері – ҚР Мәдениет қайраткері Гүлмира Құттыбадамова

Концерт бағдарламасында қазақ хор классикасы:

1. Ақан сері Қорамсаұлы. «Балқадиша». С.Мұхамеджановтың өңдеуі

2. Ақан сері Қорамсаұлы. «Қараторғай». Е.Брусиловскийдің өңдеуі

3. Ақан сері Қорамсаұлы. «Сырымбет». Б.Жұманиязовтың өңдеуі

4.Халық әні «Майда қоңыр». Б.Жұманиязовтың өңдеуі

5.Халық әні «Бесік жыры». Б.Жұманиязовтың өңдеуі

6. Ақан сері Қорамсаұлы. «Маңмаңгер»

7. Естай. «Корлан». Е.Брусиловскийдің өңдеуі

8. Үкілі Ыбырай. «Алтыбасар». Д.Ботбаевтың өңдеуі

9. Құрманғазы. «Ақбай». Б.Байқадамовтың өңдеуі

10.Абай. «Көзімнің қарасы». Б.Демеуовтің өңдеуі (солист – Асылжан Қайыпов)

11.Құрманғазы. «Айжан қыз»

12.Сегіз сері. «Ғайни». Б.Байқадамовтың өңдеуі

13.Мұхит Мерәліұлы. «Айнам көз». Л.Хамидидің өңдеуі

14.Құрманғазы. «Ақсақ киік». К.Дүйсекеевтің өңдеуі

15.Біржан сал Қожағұлұлы. «Бурылтай». Д.Мацуциннің өңдеуі

16.Біржан сал Қожағұлұлы. «Ғашығым». Г.Берекешовтің өңдеуі

17.Біржан сал Қожағұлұлы. «Жанбота». М.Төлебаевтың өңдеуі

18. Майра Уәлиқызы.  «Майраның әні». Б.Байқадамовтың өңдеуі

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры