МУЗЫКА БЕЙНЕЛЕЙДІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

«МУЗЫКА БЕЙНЕЛЕЙДІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ»

(«Театрға саяхат» циклінен)

«Астана Опера» театры өзінің жас көрермендеріне «Театрға саяхат» циклінен «Музыка бейнелейді және әңгімелейді» атты жаңа музыкалық жобасын ұсынады.

Балаға эстетикалық талғамда тәрбие беріп, жағымды классикалық музыкаға үйретуді балалық шақтан бастаған жөн. Балалар дыбыстың көмегімен «салынған» қиял-ғажайып көріністерді оңай қабылдауға мүмкіндік алады.

Аталған концертте классик композиторлардың бейнелегіш бастауы айқын шығармалары шырқалады, олар: Н.Римский-Корсаковтың «Араның ұшуы», К.Дебюссидің «Ай жарығы», М.Мусоргскийдің «Қызылшақа балапандардың биі», Ф.Купереннің «Көкек», Е.Брусиловскийдің «Піл мен Моська» және т.б.

Музыкатанушылар кішкентай көрермендерге аспаптардың мүмкіндіктері туралы, композиторлар өздерінің «суреттерін» қандай музыкалық бояулармен салатыны туралы қызықты әңгімелеп береді.

Алғаш рет! Концерт экран арқылы құммен салынатын суреттермен сүйемелденетін болады.

Концертке «Астана Опера» театрының опера солистері, оркестр әртістері және камералық оркестр қатысады. Дирижер – Руслан Баймурзин.

Жүргізуші – Маржан Жәкенова

Ұзақтығы – 50 минут

</form >

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры