Қыз Жібек

Евгений Брусиловский

«Қыз Жібек»

Эпилогы бар 2 бөлімді опера

Либретто авторы – Ғабит Мүсірепов

Жаңа музыкалық редакция авторы, қоюшы дирижер –

Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Михаил Панджавидзе (Беларусь)

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова / Павел Драгунов

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы балетмейстер – Мукарам Авахри

Проекциялар бойынша суретші – Павел Суворов (Ресей)

Жарық бойынша суретші – Сергей Шевченко (Ресей)

Консультант – Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы (PhD)

Режиссердің ассистенті – Ерен Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Арасель Досмұратова

Дирижер – Руслан Баймурзин

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

Қазақтың алғашқы «Қыз Жібек» операсы 1934 жылы Қазақ музыкалық театрының сахнасында (қазіргі Абай атындағы МАОБТ) қойылып, бірден ұлттық музыкалық өнердің інжу-маржанына айналды. Танымал режиссер Михаил Панджавидзе мен дирижер Абзал Мұхитдинов ұлттық классиканың жаңа қырын ұсынуда. 3D-технологияны пайдаланудың арқасында «Қыз Жібек» ұлттық лиро-эпостық поэмасының кезеңдері көрерменнің көз алдында жандана түседі: проекцияда көрсетілген керуеннің қозғалысы кенеттен сахнадан жалғасын тауып, тірі жылқылар мен түйелердің қатысуымен жүріп өтеді. Суретшілердің шынайы көлемде жасаған қала дуалдары бір сәтте қозғалып, Базарбай Сарайының жанындағы алаң тіршілігіне жол ашылады. Көздің жауын алар киімдер, бейне инсталляция, жарық бойынша суретшінің қызықты жұмысы, ең бастысы – бала күнімізден бәрімізге де таныс музыка, солистердің керемет дауыстары және оркестрдің үндескен дыбысталуы «Қыз Жібек» операсын ұмытылмас ерекше етері сөзсіз.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Жібек – Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Төлеген – Медет Шотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бекежан – Талғат Ғалеев

Шеге – Бейімбет Таңарықов

Базарбай – Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қамқа – Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қарлығаш – Мәдина Исламова

Батсайы – Малика Минизини

Дүрия – Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен)

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

 

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры