«ДОН КИХОТ»

Людвиг Минкус

«Дон Кихот»

Прологы бар 2 бөлімді (5 көріністі) балет

Хореография авторлары Мариус Петипа және Александр Горский

Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио (Италия)

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино (Италия)

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли (Италия)

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани (Италия)

 

1869 жылы М.Петипа М.Сервантестің «Дон Кихот» романының сюжетіне құрылған балет жасады. Испанияның көптеген қалаларын аралап, бұл елдегі би фольклорының дәстүрлері мен ерекшелігін бойына сіңірген хореограф сахнада оның барлық құндылығы мен өзгешелігін көрсете білді.

Алайда, оның алдындағы авторлар секілді Петипа да ұлы әдеби дереккөздің екінші томындағы бай Камачоның (балетте – Гамаш) сұлу Киттериямен (Китри) болмай қалған үйлену тойы туралы, арудың ауылдағы сүйіктісі – бозбала Базилио (Базиль) жайлы баяндалатын екі тарауын ғана пайдаланды. Желтоқсан айының соңында Мәскеу Үлкен театрында тек Дульцинея ғана классикалық би билеп, қалған кейіпкерлері өзіне лайықты рөлдерін сомдаған көңілді спектакльдің премьерасы өтті.

1871 жылы Петербор Үлкен театрында қойылған балетке Петипа жаңа редакция енгізді. Ал 1900 жылы Петипа хореографиясының негізі мен жалпы жоспарын сақтай отырып, Александр Горский «Дон Кихоттың» өзіндік қойылымын сахналады. Минкустың музыкасына А.Симонның испан биі мен Э.Направниктің фандангосы қосылды. Горский еңбегінің арқасында балеттегі дәстүрлі симметрия орнына, көпшілік көріністердің жаңаша шешімі табылды. К.Коровин, А.Головин, Н.Клодттың жаңашыл сценографиясы да сәтті болды. Дәл осы қойылым Үлкен және Мариин театрларымен қатар, әр елдердің театр сахналары үшін спектакльдің классикалық үлгісіне айналды.

 

Басты партияларда:

Китри – Әнел Рүстемова

Базиль – Арман Оразов

Дон Кихот – Жәнібек Иманқұлов

Санчо Панса – Бостан Қожабеков

Лоренцо – Жанәділ Бейсембиев

Гамаш – Рахметолла Науанов

Кішкентай Амур – Айжан Қажыбаева

Дриадалар патшайымы – Әйгерим Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Әсел Шәйкенова

Көше бишісі – Анастасия Заклинская

Эспада – Олжас Тарланов

 

Бір үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 30 минут

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры