Music d’accordo Astana

Концерт

Music daccordo Astana

 

 

Қазақстандағы камералық музыка жанры көрнекті музыкант, пианист, профессор Вячеслав Узбековтың есімімен тығыз байланысты. Ол жеке бағдарламалармен ғана емес, сонымен қатар түрлі ансамбльдерде де өнер көрсеткен. Тамаша ұстаз ретінде өз дарынымен өнер жолын енді бастаған музыканттар – Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері және магистранттарымен бөліскен.

Елордалық филармония жанындағы Musica d’accordo Astana камералық ансамблін құру идеясын көптеген музыканттар, соның ішінде Камералық оркестр дирижері – шығармашылық жолындағы әріптесі Бақытжан Мұсақожаева да бірден қолдап, тіпті ұжымның атауын да өзі ұсынған.

Камералық ансамбль құрамына түрлі бағыттар мен стильдердегі музыканы асқан сезімталдықпен орындай алатын Вячеслав Узбековтың оқушылары енген. Олардың бірі – дарынды скрипкашы Евгений Де концертке қатысу үшін АҚШ-тан арнайы келмек, соңғы жылдары сол жақта тұрып жатқан ол табысты жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта қазақстандық музыкаттардың жаңа буыны да асқан шебер, әріптестері арасында сыйлы, тыңдармандарың сүйіктісі болған Вячеслав Узбековтың бастаған ісін жалғастыруда.

 

БАҒДАРЛАМА :

Ф.Шуберт. Фореллен-квинтет, ля мажор, ор.114

Р.Шуман. Гобой мен фортепианоға арналған фантастикалық пьесалар, ор.73

Ж.Франсе. Гобой, фагот және фортепианоға арналған трио, 1-бөлім

Г.Форе. Флейта мен фортепианоға арналған соната, ля минор, ор.13, 1-бөлім

Э.Элгар. Скрипка мен фортепианоға арналған соната, ми минор, ор.82

С.Франк. Скрипка мен фортепианоға арналған соната, ля мажор, 3-бөлім

А.Мишек. Контрабас пен фортепианоға арналған соната, ми минор, №2, ор.6, 2-бөлім

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Евгений Де (скрипка, АҚШ) 

Нигметулла Каримов (альт)

Бақытжан Жантұрғанов (виолончель)

Батырхан Хасенов (контрабас)

Александр Тараскин (флейта)

Дамиля Махпирова (гобой)

Әсет Нелдібаев (фагот)

Гүлжанат Жанатаева (фортепиано)

Салтанат Ақбасова (фортепиано)

Ильяс Узбеков (фортепиано)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры