Чайковский & Аренский: қос данышпан – қос тағдыр

«FORTE-TRIO шақырады» топтамасы

Концерт

«Чайковский & Аренский: қос данышпан – қос тағдыр»

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Камералық залындағы концерттер сериясын жалғастырады.

FORTE-TRIO ұжымының барлық музыканттары – танымал аспапшылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

Ансамбльдің аса бай репертуарына бароккодан джазға дейінгі түрлі стильдер мен бағыттағы туындылар енген. Өздерінің орындаушылық интерпретацияларын жасай отырып, трио классикалық музыка бағалаушыларының жүрегін жаулауда. Қазақ халық музыкасы және Қазақстан композиторларының туындылары ұжым шығармашылығында ерекше орын алады.

Сондай-ақ музыканттар ансамбль құрамында оркестрмен, солист-аспапшылар әрі әншілермен бірге өнер көрсетеді.

FORTE-TRIO – көптеген халықаралық байқаулардың қатысушысы, ұжым Еуропа мен Азияның айтулы концерт алаңдарында бірнеше рет Қазақстанның атын танытқан.

Осы кеште сіздер әйгілі орыс композиторы П.Чайковский мен шығармашылығының қалыптасуына классиктің зор ықпалы тиген оның кіші замандасы А.Аренскийдің музыкасын тыңдай аласыздар.

Антон Аренский Петербор консерваториясын Н.А.Римский-Корсаковтың сыныбында тамамдаған, бірақ кейін Мәскеуге келген соң Чайковский музыкасы оған қатты әсер етіп, композитордың тұлғасы мен шығармашылығын өмірінің соңына дейін қастерлеп өтті.

 

БАҒДАРЛАМА:

П.Чайковский. Фортепианолық трио, ля минор, op.50 «Ұлы суретшінің құрметіне»

А.Аренский. №1 фортепианолық трио, ре минор, ор.32

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«FORTE-TRIO» ҚР мемлекеттік триосының құрамы:

Тимур Урманчеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка)

Мұрат Нарбеков (виолончель)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры