ЩЕЛКУНЧИК (БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ)

П. Чайковский

«ЩЕЛКУНЧИК»

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ

 

«Щелкунчик» балет қойылымдарының алдында балалар шырша жанында

Аяз ата және Ақшақармен суретке түсе алады.

 

 

2019 жылдың 28-29 желтоқсаны 12:00-де  «Астана Опера» МОБТ-да ұлы орыс композиторы П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті ұсынылады. Хореография авторы – қазіргі заманның атақты хореографы – КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Юрий Григорович. Сценография авторы – КСРО Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Симон Вирсаладзе.

 

 

Э.Т.А. Гофман ертегісінің желісі бойынша жазылған жаңажылдық «Щелкунчик пен тышқан патшасы» балеті балалар мен үлкендерге бірдей қызықты. Балаларды қызықтыратын тіріліп кететін ойыншықтар, мерекелік оттары жанған шырша, сиқыршының жұмбақ тұлғасы… Үлкендер Чайковскийдің бақытты үйлесімділікке толы данышпан музыкасын естіп қана қоймай, Юрий Григоровичтің композитор партитурасына сенім артып, сүйкімді ертегіні қол жетпес пәк бақыт туралы философиялық толғанысына куә болады. Сонымен бірге бұл жанның есеюі мен махаббатты сезіну туралы поэтикалық әңгіме. Басты кейіпкер, сонымен бірге кішкентай көрермендер де қуыршақ-Щелкунчиктің күлкілі келбетінің артында мейірімді батыр жүректің барын түсіне бастайды, ал ойыншыққа деген махаббат мен аяушылық басты кейіпкер үшін тамаша Ханзадамен кездесуге әкеледі. Бірақ, тек түсінде ғана…

 

Қойылым ұзақтығы – 50 минут

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры