«Травиата»

Джузеппе Верди

«Травиата»

3 бөлімді опера

 

«Травиата» операсының сюжеті Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романынан алынған. Либретто авторы Франческо Мария Пиаве.

 

Қоюшы режиссер – Хеннинг Брокгауз (Италия)

Дирижер – Диан Чобанов (Болгария)

Режиссер – Наталья Кагадий

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Виолетта Валери – Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі /

Айзада Қапонова

Альфред Жермон – Мейір Байнеш / Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жорж Жермон – Талғат Ғалеев / Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Гастон – Бейімбет Таңарықов

Флора Бервуа – Гүлжанат Сапақова / Малика Минизини

Аннина – Салтанат Мұратбекова / Елена Ганжа

Маркиз д’Обиньи – Болат Есімханов / Қазыбек Досмұхамбетов

Барон Дюфоль – Евгений Чайников / Александр Красиков

Доктор Гренвиль – Шыңғыс Расылхан / Өміржан Қадыров

Комиссионер – Нұрлыбек Қосбармақов

Джузеппе – Рамзат Балакишиев

 

Верди қоғам қабылдамаған әйелді өз операсының кейіпкері етіп жасады; Сазгер мұны опера атауында арнайы атап көрсетті («Травиата» – итальянша – азғын, адасқан). Сазгер Виолеттаның адамгершілігі мен жан сұлулығын бейнелеп қана қоймай, өзін қоршаған жеңілтек ортадан және ақсүйек қоғамның ізгілікті өкілі, Альфредтің әкесі – Жорж Жермоннан артықшылығын көрсетті.

Әлеуметтік теңсіздік құрбанына ыстық аяушылық білдіру, екіжүзділік моральді аяусыз мінеу, опера сахнасында заманауи өмірді көрсету – осының бәрі қалыптасқан дәстүрді бұзып, 1853 жылдың 6 наурызында Ла Фениче театрында өткен тұсаукесердегі опера сәтсіздігінің басты себебі болды.

Бірақ, Верди опера табысына сенді. Бір жылдан соң венециялық Сан-Бенедетто театрында көрермендерге үйреншікті XVIII ғасырдың костюмдерінде көрсетілген «Травиата» табысқа жетеді – сонымен оның күллі әлемнің опералық театрларына салтанатты шеруі басталды. Ал, Виолеттаның партиясы барлық ұрпақ өкілдері примадонналы үшін сүйіктісі болды: Аделина Патти (1843-1919), Роза Понсель (1897-1981), Рената Тебальди (1922-2004), Мария Каллас (1923-1977), Джоан Сазерленд (1926-2010), Монсеррат Кабалье, Тереза Стратас, сондай-ақ қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары: Роза Жаманова (1928-2013), Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Жаннат Бақтай, Жәмила Баспақова және т.б.

 

Ұзақтығы – 2 сағат 50 минут, екі үзіліспен

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры