Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ шығармашылық кеші

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ

шығармашылық кеші 

Атақты әншінің 90 жылдығына орай.

Халықаралық «Опералия» фестивалінің аясында

 

Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, актриса әрі педагог – Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенова еліміздің басты театр сахнасында мерейтойын атап өтпек.

Тамаша лирикалық-колоратуралық сопрано иесі, «қазақтың бұлбұлы», халықтың сүйіктісі өзінің құрметіне орай ұйымдастырылған бенефисте өнер көрсетеді.

Керемет әнші осы күнге дейін шығармашылық үдеріс үстінде: оның мол тәжірибесі аға толқын мен жас әртістер арасында сұранысқа ие, ол өз шеберлігімен қуана бөлісіп, ақыл-кеңесін беруден аянбайды. 

Бибігүл Ахметқызы – осы жылы он жылдық мерейтойы аталып өткен оның атындағы Халықаралық вокалистер байқауының идеялық шабыттандырушысы. Бұл шығармашылық сайыстың мақсаты – жас өнерпаздардың дарынын ашып, оларға қолдау көрсету, қазақ музыка өнерін насихаттау.

Салтанатты концертке мерейтой иесінің өзі, сондай-ақ оның шақыртуымен белгілі қазақстандық опера әншілері, оның ізін жалғастырушы шәкірттері, Бибігүл Төлегенова атындағы байқаудың лауреаттары және т.б. қатысады.

Бағдарламада – қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, оркестрлік туындылар мен хореографиялық нөмірлер. 

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

 

ОПЕРА СОЛИСТЕРІ: 

Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жәмила Жарқымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі

Медет Чотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Халықаралық байқаулардың лауреаттары: 

Назым Сағынтай 

Елена Низамутдинова 

Салтанат Мұратбекова 

Гүлжанат Сапақова 

Болат Есімханов

Шыңғыс Расылхан

 

БАЛЕТ СОЛИСТЕРІ: 

Гауһар Усина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әнел Рүстемова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тайыр Ғатауов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Олжас Тарланов 

Назира Заетова 

Бостан Қожабеков 

Сұлтанбек Ғұмар

 

«Астана Опера» симфониялық оркестрі, хоры мен балеті 

Дирижерлер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Арман Оразғалиев

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Режиссер – Наталья Кагадий

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры