Рождестволық концерт – «МЕССИЯ» 

Рождестволық концерт

Г.Ф. Гендель

«МЕССИЯ» 

ораториясы 

25 желтоқсанда «Астана Опера» МОБТ-да Г.Ф. Гендельдің «Мессия» ораториясы театрдың хоры мен оркестрінің орындауында шырқалады. 

«Мессия» – классикалық музыка тыңдармандары арасында ерекше танымал Гендельдің әйгілі шығармасы. Оратория алғаш рет 1742 жылы 13 сәуірде Дублинде орындалған. 

Мессия – Құдайдың жерге түсірген Құтқарушысы – Иса пайғамбар. Оратория Пасха мерекесіне арналып, соған орай алғаш рет орындалғанымен, Гендель қайтыс болғаннан кейін «Мессияны» Рождество кезінде орындау дәстүрге айналды. Бұл уақыт – мерекелік күй мен ғажайып оқиғаларға толы. Ал ғажайыптардың ең кереметі – Иса пайғамбардың дүниеге келуі саналады.

«Мессия» ораториясы Сәбиге өз тартуларымен келген абыздар туралы баяндайды. Бұл ең көрнекті әрі шаттыққа толы шығармалардың бірі: композитор адамға ауыр тиетін барлық азап пен қайғы-қасіретті алыстатты, ал, керісінше оны қуантатын, махаббат пен бақытқа деген сенімін ұлғайтатын барлық дүниелерді еселетіп, көпжақты әрі нанымды етіп көрсетеді…

Гендель, «Мессияны» жазған кезде өз қаламынан туындаған музыканың әдемілігіне қатты тамсанғаны соншалық, адамдар композитордың үнемі үстел басында жылап отырғанын көргендерін айтады. 

 

СОЛИСТЕР: 

Сопрано – Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі

Альт – Салтанат Мұратбекова 

Тенор – Рамзат Балакишиев 

Бас – Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі

 

«Астана Опера» театрының хоры мен оркестрі

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

ДирижерАбзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен) 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры