Риголетто

Опера 

Джузеппе Верди

«Риголетто»

«Санктъ-Петербург Опера» театрының

гастролі

2019 жылдың 9 және 10 қарашасында Ресейдің Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қойылымдары Қазақстанның музыкалық театрлары афишаларының сәніне айналған Юрий Александровтың жетекшілігімен «Санктъ-Петербургъ Опера» мемлекеттік камералық музыкалық театрының гастролі өтеді.

«Санктъ-Петербургъ Опера» театры бірегей бағдарламасы бар біртұтас шығармашылық одақ ретінде қалыптасқан. Ұжым әртістердің дауысына ғана басымдық беріп қоймайды, олар сондай-ақ тыңдарман назарына жоғары дәрежелі актерлік шеберлікті ұсынады.

Театр труппасында дарынды солистер, музыканттар шоғырланған, олардың басым көпшілігі – Ресейдің еңбек сіңірген әртістері, халықаралық, бүкілресейлік байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары болып табылады. Репертуарында күлдіргі опералардан бастап заманауи авторлардың операсын қоса музыкалық драмаларға дейінгі опера өнерінің барлық жанры ұсынылған.

Елордалық көрермен екі спектакльді – Дж.Вердидің «Риголетто» және Ж.Бизенің «Інжу іздеушілер» операларын тамашалайды.

 

Джузеппе Верди. «Риголетто»

Опералық сюжеттерді ерекше жүзеге асыруымен танымал Юрий Александров «Риголеттоның» басты идеясын өмір шындығын ашатын бетперделерге негіздеген. Режиссер көрерменге психологиялық драманың жаңа нұсқасын ұсынды – сарай маңындағы сайқымазақ тіпті бүкір емес, қыршаңқы, ақылды, зұлым адам әрі сондай кәрі де емес. Бүкір өркеш пен бетперде – оның тек герцог сарайында ғана киетін кейпі. Дегенмен, нағыз вердилік операның барлық қалған «атрибуттары» өз орнында. Сән-салтанаты келіскен костюмдер, керемет музыкалық орындау – осының бәрі кез-келген әнсүйер жанды қуантары сөзсіз.

 

Либретто авторы Франческо Мария Пьяве (Виктор Гюгоның «Патша көңіл көтереді» драмасы бойынша).

 

Қоюшы режиссер – Юрий АЛЕКСАНДРОВ

Қоюшы дирижер – Максим ВАЛЬКОВ

Сценография – Людмила ГОНЧАРОВА

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры