“РАЙМОНДА”

Д.А.Хворостовский атындағы 

Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының 

ГАСТРОЛІ

2019 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Д.А.Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Сергей Бобровтың жетекшілігімен театр гастролі өтеді. 

Красноярск опера театры өзінің алғашқы маусымын 1978 жылдың 20 желтоқсанында ашқан. Театр репертуарында барлық опера және балет классикасы қамтылған. Театр мақтанышы – уақыт сынынан өтіп, көпшіліктің сүйіктісіне айналған әрі сыншылар тарапынан бағаланған спектакльдер, сонымен қатар соңғы жылдардағы қойылымдар.

Театр елордалық көрермендерге екі спектакльді – Александр Глазуновтың «Раймонда» балеті мен Александр Бородиннің «Князь Игорь» операсын ұсынады.

 

 

Александр Глазунов. «Раймонда»

Рыцарлық жорықтан өзінің сүйіктісін күткен қыз туралы орта ғасырлық аңыздардың романтикалық сюжетінен нәр алған «Раймонда» балеті – атақты бишілердің қолынан ғана келетін орындалуы жағынан күрделі әрі көз тартатын спектакльдердің бірі.

«Орыс балетінің негізін салушы» Мариус Петипа биші бола тұра, өткен ғасырдың билерін үлкен қызығушылықпен зерттеп, оларды өзінің шығармашылығында сәтті қолдана білген. «Раймондада» испан-араб және венгр сарындарын балет туындысында жандандыра отырып, классикалық би қозғалыстарымен орта ғасырлық кезең суреттеледі. 

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Музыкалық жетекшісі әрі дирижері – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Анатолий Чепурной

Қоюшы хореограф – КСРО Халық әртісі Юрий Григорович

Қоюшы хореографтың ассистенттері – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Руслан Пронин, Оксана Цветницкая

Қоюшы суретші – Дмитрий Чербаджи

Костюмдер бойынша суретші (С.Вирсаладзе костюмдерін көшіру) – Людмила Иус

Дирижер – Александр Юдасин

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры