БЕТХОВЕНГЕ ТАРТУ

«Қазақквартет шақырады» топтамасы

БЕТХОВЕНГЕ ТАРТУ

(Композитордың 250 жылдығына орай)

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті елорда қонақтары мен өздерінің айнымас тыңдармандарын жаңа концерттік бағдарламамен қуантуда.

Астаналық өнерсүйер қауым мен қала қонақтарын атақты ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің керемет музыканттары ұсынған қызықты да тартымды «әңгімені» тыңдауға шақырамыз.

Музыканттар келер жылы барша әлемдік музыкалық қауымдастық 250 жылдығын атап өтетін ұлы неміс композиторы Людвиг ван Бетховеннің шығармашылығына арналған концерттер сериясын бастайды. Әртістер неміс классигінің барлық 16 квартетін орындайды.

Л.Бетховен №2 ішекті аспаптар квартетін австриялық генерал, өзінің қамқоршысы Франц-Йозеф Лобковицке арнаған. Аталмыш туынды музыкалық ортада «қошемет квартеті» ретінде танымал, себебі оның дыбысталуы салтанатты марапат пен ықылас білдіруді еске салады.

№9 ішекті аспаптар квартеті («Батырлық») орыс дипломаты әрі меценаты граф Андрей Разумовскийге арналған. Шынымен де, осынау квартетте батырлық лебі еседі, әсіресе, симфонияның күш-қуаты асқақтайтын финалы аса керемет.

№16 ішекті аспаптар квартеті, фа мажор – Бетховеннің ең соңғы жазған туындысы. Бұл шығарма композитордың музыкалық дарынын құрметтеп, ізет көрсеткен Иоганн Вольфмейерге арналған. Жалпы алғанда, квартеттің қарқыны баяу, салмақты әрі жарқын.

 

БАҒДАРЛАМА:

Людвиг ван Бетховен

№2 ішекті аспаптар квартеті, cоль мажор, ор.18

№9 ішекті аспаптар квартеті, до мажор, ор.59

№16 ішекті аспаптар квартеті, фа мажор, ор.135

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

 

Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры