Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерт 

Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерт 

«Елім менің аңсаған…»

16 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Камералық залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерт өтеді. 

Кең ауқымды мерекелік бағдарламада музыкалық классиканың ең жарқын туындылары – танымал ариялар мен дуэттер, қазақстандық және шетелдік композиторлардың камералық шығармалары, отандық авторлардың әндері ұсынылады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымен жарияланған Жастар жылының соңында «Астана Опера» театры дүйім жұртқа өздерін танытып жүрген жас музыканттарға сахна төрін ұсынбақ: олардың көпшілігі жақында ғана беделді байқаулардың лауреаттары атанып, халықаралық шығармашылық жобаларға жетістікпен қатысты.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Әсем Сембина (сопрано) 

Назым Сағынтай (сопрано)

Наргиз Сатмұхамбетова (сопрано)

Дариға Мұсаева (меццо-сопрано)

Батыржан Смақов (контртенор)

Алмат Ізбамбетов (тенор)

Рамзат Балакишиев (тенор) 

Ақылбек Табынбаев (тенор)

Бекзат Тұрғанбек (тенор)

Азат Мәлік (баритон) 

Жандос Мұхамеди (скрипка)

Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескембирова

 

ЖҮРГІЗУШІЛЕР:

Мәдениет қайраткері Сәуле Мәулетова және Думан Бекбергенов

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры