Петя мен Қасқыр

С. Прокофьевтің симфониялық ертегісі

«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»

(орыс тілінде)

C.Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – мектепке дейінгі ересек балалар мен 1-ден 5-ші сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған музыка әлеміне жасалатын ерекше әрі танымдық саяхат. Концерт барысында балалар қызықты ойын түрінде симфониялық оркестрдің аспаптарымен танысады. Симфониялық ертегі – бұл симфониялық оркестрге арналып жазылған музыкалық ертегі: әрбір кейіпкердің белгілі бір музыкалық аспапта орындалатын музыкалық әуені бар. C.Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – симфониялық оркестрмен таныстыратын «жол көрсеткіш» сияқты.

 

ОРЫНДАЙТЫН:

«Астана Опера» симфониялық оркестрі.

Дирижері – Руслан БАЙМУРЗИН

Мәтін оқушы – Сергей МАТВЕЕВ, Қырғызстанның Халық әртісі

Концертті жүргізетін музыкатанушы Сәуле МӘУЛЕТОВА

 

Ұзақтығы – 50 минут

 

 

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры