ПАРИЖСКАЯ БОГЕМА

Джакомо Пуччини

«ПАРИЖСКАЯ БОГЕМА»

4 бөлімді опера

 

«Богема» сюжетін композитор танымал француз жазушысы Анри Мюрженің «Богема өмірінен көріністер» шығармасынан алған. Пуччини «Богеманың» музыкасын сегіз ай ішінде жазған. Опера премьерасы 1896 жылдың 1 ақпанында Туриндегі Teatro Regio сахнасында, 28 жасар Артуро Тосканинидің басшылық етуімен өтті. Кейін «Богема» барша әлем сханасын жаулап алды.

«Богема» – стилі мен рухы бойынша француздық деуге болатын, таңқаларлық нәзік сезіммен ерекшеленетін итальяндық опера. Ондағы оқиға Париждің Латын кварталында Рождество қарсаңында өрбиді. Опера кейіпкерлерінің бәрі жастар. Бұлар кедей зиялы қауым: ақын Рудольф, суретші Марсель, музыкант Шонар және философ Коллен. Өмірлерінің серігіне айналған мұқтаждыққа қарамастан, олар еңселерін түсірмей, қиындықтарды әзілмен қарсы алады. Күнделікті өмірлері қуаныш пен поэзияға, достық пен махаббатқа толы.

Көрші тұратын тігінші қыз Мимимен болған кездейсоқ кездесу Рудольфтің жүрегінде махаббат сезімін оятады. Мими де оған жылы жауап қайырады. Бірақ жастардың бақыттары ұзаққа созылмайды – Рудольф пен Мими ажырасады: Мими өкпе ауруына шалдыққан, ал Рудольфтің үйі сыз татқан әрі суық. Көктем соңында Мими Рудольфқа қайтып оралады. Өмірдің заңы солай, тіпті ең таза әрі нәзік, қорғаусыздардың өзі өлімге бұйырады.

Режиссер Андреа Бернард Дж.Пуччинидің «Богема» операсының жаңа сахналық редакциясын ұсынады. Екі деңгейлі ғаламат декорациялар, сахна төріне шығатын поезд және маэстро Эцио Фриджерионың өзге де жаңашылдықтары, сонымен қатар мереке көрінісінде кәсіби цирк әртістерінің қатысуы жас өнерпаздардың бізге таныс оқиғасын түрлендіріп, танымастай етеді.

 

 

Қоюшы дирижер – Джузеппе Акуавива

Қоюшы режиссер – Андреа Бернард

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

Балалар студиясының хормейстерлері – Алтынғаным Ахметова, Әйгерім Макибаева

Қоюшы режиссердің ассистенттері – Текла Гуччи, Еренбақ Тойкенов

Қоюшы сценографтың ассистенті – Риккардо Масирони

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Даниэль Бутар, Анна Верде

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат 30 минут (екі үзіліспен)

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры