«Астана Операдағы» музыкалық демалыс

Концерт

«Астана Операдағы» музыкалық демалыс

Жастар жылы аясында «Астана Опера» театрында бастау алған дәстүр ерекше өзекті болмақ: жыл сайын «Музыкалық демалыс» концертіне республикамыздың жетекші білім ордалары мен шетелдің беделді оқу орындары – П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Вена өнер университеті, Гамбургтегі Жоғары музыка және театр мектебі, А.Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институтында оқып жүрген дарынды қазақстандық студенттер қатысады.

Барлық жас әртістер өнер жолында өз орындарын тапқан жарқын музыканттар, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары болып табылады. Қазақстандық трубашы, жуырда Мәскеуде өткен П.Чайковский атындағы XVI Халықаралық байқауының «Үрлемелі мыс аспаптар» мамандығы бойынша лауреаты Жасұлан ӘБДІҚАЛЫҚОВТЫҢ концертке қатысуы көрермендерге ерекше қуаныш сыйламақ.

Аспапшылармен қатар қазақстандық вокалист (баритон) – Ф.Лист атындағы Венгр ұлттық музыка академиясының магистранты әрі Венгр ұлттық опера театрының солисі Азат МӘЛІК өнер көрсетеді.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Азат МӘЛІК (баритон, Венгрия)

Жасұлан ӘБДІҚАЛЫҚОВ (труба, Германия)

Роза ҚАДЫРОВА (альт, Австрия)

Досхан ЖЕКСЕМБАЙ (бас-тромбон, Мәскеу)

Аяжан ҮСЕНБАЕВА (аккордеон, Мәскеу)

Жаңыл РАҚЫМБЕКОВА (фортепиано, «Астана Опера»)

Камералық ансамбль:

Диана АБЛАЕВА (скрипка, ҚазҰӨУ)

Сабина БАЙЗҰЛДИНОВА (фортепиано, ҚазҰӨУ)

БАҒДАРЛАМА

Дж.Верди. «Фальстаф» операсынан Фордтың ариясы

У.Джордано. «Андре Шенье» операсынан Жерардың монологы

Н.Римский-Корсаков. «Патша қалыңдығы» операсынан Грязнойдың ариясы

П.И.Чайковский. «Дон Жуанның серенадасы»

Қазақтың халық әні «Ақ қурай» (Ғазиза Жұбанованың өңдеуі)

В.А.Моцарт. «Сиқырлы флейта» операсынан Түн патшайымының ариясы

К.В.Брандт. Трубаға арналған №1 концерттік пьеса, ор.11

Р.Кларк. Альт пен фортепианоға арналған соната

Э.Мoрриконе. Momentum for Morricone

А.Кусяков. 4 бөлімді «Көктемгі көріністер» сюитасы: «Жер туралы», «Көктемгі дауыстар», «Қыс жаңғырығы», «Күнге қарай».

Л.Бетховен. Скрипка мен фортепианоға арналған №5 соната, ор. 24, 1-бөлім

 

Ұзақтығы – 1 час 20 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры