Бәрімізді тоғыстырған музыка

«Музыкалық қиылыс» топтамасы

Концерт

«Бәрімізді тоғыстырған музыка»

 

 

30 қазан күні сағат 19.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында «Бәрімізді тоғыстырған музыка» атты аспаптық концерт өтеді. «Астана Опера» симфониялық оркестрінің солисі әрі концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, оркестр солистері Айсұлу Байкенова, Курванжан Ахатов, сондай-ақ жас қазақстандық пианист Ерлан Серкебаев белгілі отандық сазгер Артық Тоқсанбаев және әйгілі аргентиналық композитор Астор Пьяццолланың  шығармаларын орындайды.

Кеш қонағы – әлемге әйгілі итальяндық музыкант, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Трофей мира» сыйлығының иегері, керемет бандонеоншы Марио Стефано Пьетродарки.

Марио жыл сайын Англия, Франция, Бельгия, Хорватия, Сербия, Германия, АҚШ, Польша, Португалия, Финляндия, Швейцария, Венгрия, Канада, Армения, Ресей, Босния және Герцеговина, Болгария, Түркия, Ливан, Беларусь және Қытайда концерттерін беруде. Маэстро Андреа Бочеллимен бірге римдік Колизейде қонақ ретінде өнер көрсеткен. Ал Анна Нетребко және Эрвин Шротппен Корольдік Альберт-холл (Лондон) сахнасына шыққан.

2013 жылы Андреа Бочелли, Риккардо Коччанте, Пино Даниеле және Симона Молинаримен бірге «Тыныштық театрына» қатысқан. 2014 жылғы 22 ақпанда Андреа Бочеллимен бірге Ыстамбұлда өнер көрсеткен.

 

Дарынды қазақстандық музыканттар әрдайым ансамбльдік орындаушылық өнерін паш етуде, ал аргентиналық тангоның итальяндық хас шеберінің тамаша өнері елордалық көрерменнің жүрегін міндетті түрде тебірентері сөзсіз.

 

 

БАҒДАРЛАМА

 

1-ші бөлім: 

А.Тоқсанбаев. Фортепиано, скрипка және виолончельге арналған «Дала нақыштары» триосы

А.Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жылдың төрт мезгілі»

Otoño Porteño – Күз 

Invierno Porteño – Қыс 

Primavera Porteño – Көктем 

Verano Porteño – Жаз 

 

А.Пьяццолла. «Танго тарихы»

Бордель 1900

Кафе 1930

Түнгі клуб 1960

Қазіргі таңдағы концерт 

 

Үзіліс  (Кофе-брейк)

 

2-ші бөлім: 

А.Пьяццолла. Танго:

Oblivion («Забвение»)

Adios Nonino

Milonga del Angel

La Muerte del Angel

Jorge Adios

Soledad

Violentango

Libertango

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Айсұлу БАЙКЕНОВА (скрипка)

Курванжан АХАТОВ (виолончель)

Ерлан СЕРКЕБАЕВ (фортепиано)

 

Концерт қонағы – Марио Стефано Пьетродарки (бандонеон, Италия)

 

«Астана Опера» Камералық оркестрі

 

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ұзақтығы  – 1 сағат 30 минут 

Дирекция орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры