Экран әуендері. Махаббат әндері

КОНЦЕРТ

«Экран әуендері. Махаббат әндері»

Идеялық шабыттандырушысы және дирижері керемет музыкант Әлихан Ыдырысов болып табылатын әрі үнемі аншлагпен өтетін «Экран әуендері» топтамасының концерттерін көрермендер тағатсыздана күтеді. Сүйікті кино таспалардың үзінділерінен тұратын тамаша әуендер, сонымен қатар әртістердің әсерлі орындаулары музыкалық кино кешіне ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Концерт бағдарламасында «Джентльмены удачи», «Здравствуйте, я ваша тетя», «Бриллиантовая рука», «Дайте жалобную книгу», «Чародеи» сынды кеңес дәуіріндегі атақты кино туындылардың жауһарлары, сонымен қатар «Шербургские зонтики», «Игрушка», «Телохранитель», «Титаник», «1+1» және т.б. шетелдік кинокартиналардың танымал әуендері  орындалады.

Сондай-ақ, кино классикасына айналған «Балалық шағымның аспаны», «Брат или Брак», «Ән аға» сияқты қазақстандық фильмдерден алынған композициялар  шырқалады. Ал «Король Лев», «Русалочка», «Моана» және т.б. мультфильмдердің әуендері бақытты балалық шаққа жетелейтін болады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«Астана Опера» камералық хоры және оркестрі

Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов

 

АСПАПТЫҚ СОЛО:

Маржан Құдайқұлова (жетіген)

Жанарай Өрінбаева (адырна)

Жанұзақ Исабаев (сыбызғы)

Бауыржан Мақаев (домбыра)

Елена Ведяшкина (гобой)

Нұрлыбек Аманов (саксофон)

Максим Заечковский (саксофон)

Александр Малиновский (туба)

Айнұр Қамалова (арфа)

Жәнібек Бекмадиев (соқпалы аспап)

Әлихан Ыдырысов (рояль)

Динара Сартай (рояль)

 

Жоба авторы әрі дирижері – ӘЛИХАН ЫДЫРЫСОВ

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры