Скрипкадан төгілген махаббат әуендері

«Жастар – ел тірегі» топтамасы  

Концерт

«Скрипкадан төгілген махаббат әуендері»

Жастар жылында «Астана Операда» жас дарындарды қолдау мен дамытуға бағытталған «Скрипкадан төгілген махаббат әуендері» концерті ұсынылмақ.

«Жастар – ел тірегі» топтамасында өз шығармашылығымен ел мәдениетін шетелде танытып жүрген көрнекті қазақстандық музыканттар өнер көрсеткен болатын.

Классик композиторлардың шығармаларынан тұратын бағдарламаны Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Жібек Мұсырғалиева мен Индира Нұрлыбай (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Раиса Мұсақожаеваның сыныбы) ұсынады. Олардың жетістіктерінің қатарында – халықаралық байқаулардағы марапаттар мен жүлделі орындар бар. 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Жібек МУСУРГАЛИЕВА (скрипка) 

Индира НҰРЛЫБАЙ (скрипка)

Фортепиано партиясында – Сара АСАБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

БАҒДАРЛАМА:

Жібек Мусургалиева 

Э.Изаи. Соло скрипкаға арналған №3 соната, ре минор («Баллада») ор.27/3

Э.Шоссон. Оркестр мен скрипкаға арналған поэма, ор.25

И.Флейшер. Соло скрипкаға арналған «Наваждение» каприсі, op.77

М.Равель. Скрипка мен фортепианоға арналған №2 соната, соль мажор

 

Индира Нұрлыбай

М.Равель. Скрипка мен фортепиано арналған рапсодия («Цыганка») 

С.Рахманинов. «Маргаритки», op.38, №3

Ф.Крейслер. «Веналық каприс», си минор, op.2

С.Прокофьев. Скрипка мен фортепианоға арналған №2 соната, ре мажор, ор.94

 

Дуэтте 

Д.Шостакович. Екі скрипка мен фортепианоға арналған 5 пьеса

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры