Көк байрағым, желбіре

Концерт 

«Көк байрағым, желбіре» 

Қазақстан Композиторлар одағының 80 жылдығына

Биыл Қазақстан Композиторлар одағы 80 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Осы шығармашылық одақтың бастауында 1939 жылы көрнекті мәдениет қайраткерлері, қазақ композиторлық мектебінің кемеңгерлері – А.Жұбанов, Л.Хамиди, М.Төлебаев, Б.Ерзакович, В.Великанов, Б.Байқадамов және бірінші төрағасы – Е.Брусиловский болды.

Жалпы алғанда, еліміздегі кәсіби музыканың қалыптасуы мен дамуы Қазақстан Композиторлар одағының қызметімен тығыз байланысты.

«Көк байрағым, желбіре» концертінде қазақстандық композиторлардың шығармалары шырқалады. Олар – Әліби Әбдінұров, Серікжан Әбдінұров, Халықберген Әбілжанов, Дулат Әбілдинов, Алья Бескембирова, Кеңес Дүйсекеев, Серік Еркімбеков, Арман Жайым, Тасқын Жармұхамет, Әсемгүл Жұмаділдина, Ләззат Жұманова, Сланқожа Қарақыстық, Ақтоты Райымқұлова, Халық Ризабек, Қарасай Сайжанов, Құрмет Сақай, Марат Сүтішев, Айсұлу Тани, Сәуле Тұяқова.

Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы – Балнұр ҚЫДЫРБЕК.

Жүргізуші – Қуат БАҒЫСБЕК.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры