Інжу іздеушілер

«Санктъ-Петербург Опера» театрының

гастролі

 

2019 жылдың 9 және 10 қарашасында Ресейдің Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қойылымдары Қазақстанның музыкалық театрлары афишаларының сәніне айналған Юрий Александровтың жетекшілігімен «Санктъ-Петербургъ Опера» мемлекеттік камералық музыкалық театрының гастролі өтеді.

«Санктъ-Петербургъ Опера» театры бірегей бағдарламасы бар біртұтас шығармашылық одақ ретінде қалыптасқан. Ұжым әртістердің дауысына ғана басымдық беріп қоймайды, олар сондай-ақ тыңдарман назарына жоғары дәрежелі актерлік шеберлікті ұсынады.

Театр труппасында дарынды солистер, музыканттар шоғырланған, олардың басым көпшілігі – Ресейдің еңбек сіңірген әртістері, халықаралық, бүкілресейлік байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары болып табылады. Репертуарында күлдіргі опералардан бастап заманауи авторлардың операсын қоса музыкалық драмаларға дейінгі опера өнерінің барлық жанры ұсынылған.

Елордалық көрермен екі спектакльді – Дж.Вердидің «Риголетто» және Ж.Бизенің «Інжу іздеушілер» операларын тамашалайды.

 

Жорж Бизе. «Інжу іздеушілер»

Ж.Бизенің «Інжу іздеушілер» туындысы опера жанрын сүйетін қауымды таңғажайып әуендерінің молдығымен, драмалық мәнерлігімен баурап алады. Операның партитурасы жөнінде танымал француз композиторы Г.Берлиоз: «Ол жалын мен бай нақышқа толы көптеген мәнерлі де бейнелі сәттерден құралған» – деп жазған. «Санктъ-Петербургъ Опера» көрерменді тек тамаша орындаушыларымен ғана емес, сондай-ақ көздің жауын алатын декорацияларымен, костюмдерімен тамсандырмақ. «Інжу іздеушілердің» негізінен әртүрлі аяқталатын бірнеше редакциялары бар. Юрий Александров туынды соңын қалай ойластырды – мұны көрермендердің өздері тамашалай алады.

Либретто: Эжен Кормон, Мишель Карре.

 

Қоюшы режиссер – Юрий АЛЕКСАНДРОВ

Қоюшы дирижер – Максим ВАЛЬКОВ

Қоюшы суретші – Вячеслав ОКУНЕВ

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры