Жаннат Бақтай шақырады

Концерт

«Жаннат Бақтай шақырады»

 

 

«Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің кавалері Жаннат Бақтай өзінің жеке концертіне шақырады.

Әсемдігі жағынан сирек кездесетін дауыс пен нәзік драмалық дарын иесі Жаннат Бақтай «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры опера труппасының сәні болып табылады. Ол отандық баспасөз тарапынан бірауыздан Қазақстандағы жетекші опера әншілерінің бірі деп танылған.

Әнші өзінің шығармашылық ортадағы әріптестері – Новая Опера Мәскеу театрының солисі Ярослав Абаимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев, Сүндет Байғожин және Азамат Жылтыркөзовпен бірге қазақ халық әндерін, сонымен қатар опералық классика жауһарларын орындайды. Кеште Дж.Россини, Ж.Оффенбах, Ж.Массне, И.Штраус, Ф.Легар, Э.Куртистың опералары мен оперетталарынан ариялар, дуэттер, трио мен көріністер, К.Дженкинс, Ә.Әбдінұров және т.б. композиторлардың шығармалары шырқалады.

Солистердің өнер көрсетуін «Астана Опера» театрының хоры мен симфониялық оркестрі сүйемелдейді. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Теміржан Ержанов (АҚШ), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Ярослав АБАИМОВ (тенор, Ресей)

Медет ЧОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Сүндет БАЙҒОЖИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (баритон)

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

«Астана Опера» театрының хоры мен симфониялық оркестрі

Дирижер – Теміржан ЕРЖАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Абзал МҰХИТДИНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры