Дон Карлос

ПРЕМЬЕРА

Дж.Верди

«Дон Карлос»

4 бөлімді опера

Либретто авторлары – Жозеф Мери және Камиль дю Локль

Иоганн Фридрих Шиллердің аттас драмасының желісімен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Премьерасы 1867 жылғы 11 наурызда Париждегі Үлкен опера театрында өтті

«Дон Карлос»  – Джузеппе Вердидің опералары ішіндегі ең көлемді әрі барынша өршіл туындысы. 1865 жылдың қараша айында Париждегі Үлкен опера театрының директоры композиторге опера жазуға тапсырыс береді, ал 1867 жылдың 11 наурызында қойылымның премьерасы орын алады.

«Дон Карлостың» музыкасы тыңдармандарға ләззат сыйлаудың орнына оларды біршама таңдандырды. Шығармашыл кемеңгер Вердидің негізін құрайтын өктем күш маэстроның атағы мен танымалдылығына ие болған зор қарапайымдылықтан көрініс табады, алайда ол үйлесімді құралдардың, нәзік дыбысталу мен жаңа әуенді айналымдардың ерекше дамуымен нығая түскен. «Риголетто», «Травиата», «Трубадур» сынды жауһарларды дүниеге әкеліп, атақ-даңққа қол жеткізген Верди өзінің көркемдік шығармашылығында бетбұрысты білдіретін опера жазғанын түсінді.

Сол жылы Италиядағы қойылымы үшін операның аудармасы жасалынды, бұдан музыкада кейбір өзгерістер мен қайта түзетулер орын алды. 1882-1883 жылдары Верди операны біршама қайта өңдеді: жаңа сахналық көріністерді жасау үшін «Аиданың» либреттошысы А.Гисланцони қатысты. 1884 жылдың 10 қаңтарында Милан театрының сахнасында қойылған бұл редакция алғашқы нұсқасынан біраз қысқа болды.

Кейін Вердидің көзі тірісінде, бірақ оның қатысуынсыз, үшінші редакция жасалды. Қазіргі уақытта опера, әдетте, аралас редакцияда сахналанады. Барлық осынау өзгерістердің мақсаты – операны әдеби түпдерекке, яғни Фридрих Шиллердің Сексен жылдық соғыс, Испаниядан тәуелсіздік алу үшін күрес пен Филипп ІІ патшаның сарайдағы шытырмандары туралы баяндайтын 1787 жылы жазылған трагедиясына жақындата түсу еді.

Шиллердің туындылары бойынша жазылған опералар қазіргі күні де танымалдылыққа ие. Ең атақтылары: «Дон Карлос», «Мария Стюарт», «Вильгельм Телль», «Қарақшылар», «Орлеандық бикеш», «Луиза Миллер» және «Мессиналық қалыңдық».

«Дон Карлостың» «канондық» нұсқасы жоқ. Шартты түрде айтқанда, үш нұсқаны: 1867 жылғы бастапқы француздық, 1884 жылғы төрт бөлімді итальяндық және 1886 жылғы бес бөлімді итальяндық нұсқаларды бөліп көрсетуге болады. Алайда әр театрлық қойылымда белгілі бір вариациялар бар – түрлі редакциялардан сан алуан көріністерді енгізу немесе ықшамдаулар, я болмаса екеуін бірге қолдану кездеседі.

«Дон Карлос» операсы композитор шығармашылығындағы жөні де, орны да бір бөлек туынды, алайда ол сазгердің қаламынан туған ұлы шығармалардың бірі болып қала бермек.

Бүгінгі таңда операның француздық та, итальяндық та нұсқасы әлемнің жетекші театрларының сахнасынан түскен емес.

 

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы режиссер, сценограф – Давиде Ливермор

Костюмдер бойынша суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Филипп II, Испания патшасы  – Евгений Чайников / Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі

Дон Карлос, испан тағының мұрагері  – Медет Чотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нұрлан Бекмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі

Родриго, маркиз ди Поза – Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ұлы инквизитор – Болат Есімханов / Михаил Гужов, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі

Елизавета Валуа, Испания патшайымы – Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Жұпар Ғабдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Галина Чеплакова / Елена Ганжа

Ханшайым Эболи, оның фрейлинасы – Салтанат Мұратбекова / Татьяна Вицинская

Монах – Тайыр Тәжи / Шыңғыс Расылхан

Тебальдо (Тибо), Елизаветаның пажы – Назым Сағынтай / Мәдина Исламова

Аспан дауысы – Елена Ганжа / Әсем Сембина

Герольд – Рамзат Балакишиев / Ерұлан Кәмел

Граф ди Лерма – ….

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, МИМАНСЫ

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Ұзақтығы – 3 сағат 30 минут (екі үзіліспен)

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

 

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры