Балалар театрға шақырады

Концерт

«Балалар театрға шақырады»

2013 жылы ашылған «Астана Опера» театрының театрлық балалар студиясы өткен маусымда өзінің алғашқы мерейтойын атап өтіп, қазіргі уақытта елордалық көрермен мен театр қонақтарын өз өнерімен қуантуды жалғастыруда. Жас әншілер мен бишілер ересек әртістермен бірге концерттік бағдарламаларға, спектакльдерге қатысады, тіпті гастрольдік сапарларға да шығады. Студияда өнерге деген қызығушылығы мол, сахналық дарыны мен музыкалық қабілеті бар балалар тәлім алуда. Ең жас тәлімгерлер бүгінде 7 жаста. Ал студияның алғашқы түлектері Қазақстанның, алыс-жақын шетелдің шығармашылық жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.

Көрермендер хор студиясының тәрбиеленушілерін Дж.Пуччинидің «Богема», «Тоска» мен «Турандот», Ж.Бизенің «Кармен», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операларынан көре алады, ал балет студиясының жеткіншектері Л.Минкустың «Дон Кихот» спектаклінде аты аңызға айналған миландық Ла Скала театрының әртістерімен бірге бір сахнада өнер көрсетіп, М.Жаррдың «Париж Құдай Анасының соборы» балетінде билеген.

Концерт бағдарламасында хор және балет студиясының жеке әрі ұжымдық нөмірлері ұсынылатын болады.

 

Хормейстерлер – Алтынғаным Ахметова, Әйгерім Макибаева

Концертмейстерлер – Ирина Кургузкина, Эльмира Сұлтанғазина

Хореограф – Әмина Әлиева

Ұзақтығы – 1 сағат

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры