Қос түсті пернеден төгілген ғажайып

Концерт

«Қос түсті пернеден төгілген ғажайып»

Фортепианолық дуэттер кеші

 

2019 жылдың 8-қарашасы сағат 19.00-де Камералық залда «Қос түсті пернеден төгілген ғажайып» атты фортепианолық дуэттер концерті өтеді, осы кеште шетелдік композиторлардың, сондай-ақ қазақстандық автор Гүлжан Үзенбаеваның шығармалары орындалады.

Гүлжан Үзенбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, пианист, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы фортепиано кафедрасының профессоры.

Дана Жұбанова-Әли – белгілі қазақстандық пианист, ұстаз. Ол еліміз бен шетелде қазақ фортепианолық және камералық музыкасын белсенді насихаттауда. Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ) фортепиано кафедрасының доценті бола отырып, 70-тен астам республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарын тәрбиелеген.

Гүлжан Үзенбаева мен Дана Жұбанова-Әли – фортепианолық музыка сүйер қауымды өз өнерлерімен бұрыннан қуантып келе жатқан шығармашылық дуэт.

 

БАҒДАРЛАМА:

Ф.Шуберт. Төрт қолмен орындалатын фортепианоға арналған «Фантазия», фа минор, op.103

Д.Шостакович. Екі фортепианоға арналған концертино, op.94

К.Гуаставино. Екі фортепианоға арналған «Романс»

Д.Гершвин. Үш прелюдия

А.Бычков. Екі фортепианоға арналған «Қазақ рапсодиясы»

Г.Үзенбаева. Екі фортепианоға арналған «Самғау»

А.Бородин. «Қыпшақ билері» (Г.Үзенбаеваның екі фортепиано, сегіз қолға арналған өңдеуі)

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Дана Жұбанова-Әли

Гүлжан Үзенбаева

 

Концертке ҚазҰӨУ-нің студенттері Анна Граб пен Ерлан Серкебаев қатысады (доцент Дана Жұбанова-Әли сыныбы)

 

 

Ұзақтығы– 1 сағат 15 минут

Дирекция орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры