КАМЕРАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

КОНЦЕРТ

Musica da camera

 

Бұл кеште музыкалық романтизмнің жарқын өкілдері – Франц Шуберт (1797–1828) пен Феликс Мендельсон-Бартольдидің музыкасы шырқалады. Көрермен қауымның назарына Ф.Мендельсонның жиі орындалатын камералық шығармаларының бірі – фортепианоға арналған бірінші триосы және әсем әуенімен баурап алатын Ф.Шуберттің фортепианоға арналған екінші триосы ұсынылмақ.

Орындаушылар – қазақстандық танымал музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары: скрипкашы Ермек Магавин, пианист Гүлжанат Жаңатаева және «Астана Опера» оркестрінің әртісі виолончельші Курванжан Ахатов бұдан бұрын айтылған Ермек Құрманаевтың орнына өнер көрсетеді.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

 

Ермек МАГАВИН (скрипка)

Курванжан АХАТОВ (виолончель)

Гүлжанат ЖАҢАТАЕВА (фортепиано)

 

 

БАҒДАРЛАМА

Ф.Мендельсон-Бартольди. Фортепианоға арналған №1 трио, ре минор, ор.49

  1. Molto allegro agitato
  2. Andante con mototranguillo
  3. Sherzo
  4. Allegro assai appassionato

 

Ф.Шуберт. Фортепианоға арналған №2 трио, ми-бемоль мажор, ор. 100 

  1. Allegro
  2. Andante con moto
  3. Scherzando
  4. llegro moderato

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры