Баядерка

Л. Минкус

«Баядерка»

3 бөлімді, 5 көріністі балет

 

Либреттосын жазған Мариус Петипа, Сергей Худеков.

Мариус Петипа хореографиясы

 

Қоюшы хореограф –                               Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы хореографтың ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер –                                  Арман Оразғалиев

Қоюшы суретші –                                   Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші –            Франка Скуарчапино

Проекциялар бойынша суретші –          Серджио Металли

Жарық бойынша суретші –                    Виничио Кели

 

 

Балеттің премьерасы 1877 жылдың 23 қаңтарында Санкт-Петербургтің Үлкен театрында өтті. Кейіннен оны көптеген ұлы хореографтар қарастырды, алайда Вахтанг Чабукиани мен Владимир Пономарев 1941 жылы Мариин театрында қойған үлгісі (1948 жылы толықтырған) қазіргі күні басты нұсқа болып саналады.

«Баядеркадағы» оқиға Үндістанда орын алады. Ғибадатхана қызметшісі – баядерка Никияға Ұлы брамин және айбынды жауынгер Солор ғашық болады. Бұл жағдайдан бейхабар раджа Дугманта Солорға үлкен құрмет көрсетіп, оған қызы Гамзаттиді ұзатпақ ойда. Ыңғайсызданған Солор мұндай құрметтен қалай бас тартарын білмейді.

Солордың Гамзаттиге үйленуі көңілінен шыққан Ұлы брамин, Солор мен Гамзаттидің махаббаты туралы раджаға жеткізеді. Бұған ызаланған Раджа қызға өлім жазасын бұйырады. Бірақ баядеркаға құпия ғашық Ұлы брамин үшін ғибадатхана бишісі Никияның өлімі керек емес, сондықтан ол Солорды өлтіруді ұсынады.

Дау басталады, оған Гамзатти кенеттен куәгер болады. Ол Никияны шақырып Солордан бас тартуды талап етеді, тіпті пара бергісі де келеді. Бірақ бұған қорланған баядерка оған пышақпен ұмтыла жөнеледі, тек дер кезінде келіп қалған күң әйел өлімді болдырмайды.

Солор мен Гамзаттидің неке қию мерекесінде Никия өз биімен қонақтардың көңілін көтеруге тиіс. Марапат ретінде Гамзатти оған гүл себетін ұсынуды бұйырады. Кенеттен себеттің ішінен шыққан жылан баядерканы қатты шағып алады. Брамин ұсынған уға қарсы дәріні қабылдамаған Никия өледі.

Солордың үміті үзілген. Түсінде ол, жер бетінде болмайтын көлеңкелердің арасында, антын есіне түсіріп тұрған және сол көлеңкелердің патшалығында оған жұмақ тілеп тұрған Никияны көреді. Сүйіктісінің шақыруына жауап берген Солор мәңгілікке аруақтар әлемінде қалады.

Ұзақтығы – 3 сағат (екі үзіліспен)

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры