А.Мұхамедиұлы: «Біз әлемдік мәдени кеңістікке нық сеніммен қадам басып келеміз»

 «Астана Опера» театрының жетекші солисі, ұлттық балеттің жарық жұлдызы Бахтияр Адамжан кеше Мәскеуде мәресіне жеткен (Ресей) ХІІІ Халықаралық балет әртістері мен хореографтарының мәртебелі байқауында Бірінші сыйлыққа ие болып, жеке-дара жеңіске қол жеткізді. Сондай-ақ осы байқауда «Астана Опера» балетінің солисі Серік Нақыспеков те дипломант атанды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәртебелі байқауда қазақстандық балетті керемет танытқан әртістерді жетістіктерімен құттықтады.

19388783_1543635482342747_8950944836102478200_o

Ведомство басшысы байқаудың әлемдік мәдениет дамуында айтарлықтай ауқымды рөл ойнайтын маңызын атап өтті.

– Бұл жердегі жеңіс – хореографиялық шеберлікті жоғары деңгейде меңгеруінің белгісі. Тәжірибе көрсеткендей, байқаудағы сәтті өнер көрсету әртістердің жарқын болашағына жол ашады. Осындай жетістіктер арқасында Қазақстан өнері әлемдік мәдени үрдістің бір бөлігі бола алады әрі ХХІ ғасырдың жаһандық картасында өз орнына нық жайғасады, – деп сөзін қорытындылады министр.

Байқау Ресейдің Үлкен театры сахнасында өтті. Оған 170 балет әртісі мен 30 хореограф қатысты. Байқауға қатысушылар сол сәттегі ахуалдың шарықтау шегіне дейін қызғанын атап өтіп, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Басқаша болуы мүмкін емес еді, себебі мәскеулік байқау пікірталас, балеттанушы әрі сыни ойларға арналған алаң болып табылды.

Бахтияр Адамжан «Эсмеральда» балетінен Актеон вариациясын, «Дон Кихот» балетінен Базиль вариациясын орындады, алғаш рет сахнаға «Талисман» және «Корсар» балеттерінің вариацияларымен шықты. Байқағандай, өнер көрсетуінің бірі бишінің туған күні – 16 маусыммен тұспа-тұс келді. Тыңдарман әртісті «Баядерка» балетінен Солордың танымал вариациясымен сахнаға биске шақырды.

– Көрермен қауым өте жылы лебізбен қарсы алды. Маған қолдау көрсеткені үшін Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорына, сонымен қатар мен үшін шын жанкүйер болған барлық жандарға шексіз алғысымды білдіремін. Бұл менің шығармашылық өмірімдегі аса күрделі байқаулардың бірі болды, шеберліктің жоғары техникалық деңгейі бар лайықты қарсыластар болды. Байқауға қатысу арқылы мен алдағы жұмысыма және жаңа биіктерге қол жеткізуге серпін алдым. Алған әсерлерімнен шексіз толқу үстіндемін, – деп бөлісті Бахтияр Адамжан.

«Астана Операны» тағы бір әртісі Серік Нақыспеков барлық үш турды сенімді түрде өтті, әділқазы мүшелерінен жақсы пікірлер алды. Солист «Сильфида», «Эсмеральда» балеттерінің вариацияларын, «Еске алу» қазіргі заманғы нөмірін және тағы басқаларды орындады.

– Бұл байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын, құзіретті әділ-қазы мүшелерінен нұсқаулар, ақыл-кеңестер алдым – бұл өсу, жетілу мүмкіндігі. Біз басқа елдерден келген байқау қатысушыларымен таныстық, тәжірибе-білімдерімізбен алмастық, сондай-ақ біздің еліміз, керемет театрымыз жайлы сөз еттік, – деді Серік Нақыспеков.

20 маусым күні әртістердің қатысуымен марапаттау рәсімі және Гала-концерт өтті.

Еске салар болсақ, 10 маусым күні біздің әртістеріміз Валентина Козлованың Халықаралық балет әртістері байқауында, VKIBC, (Нью-Йорк, АҚШ) қос жеңіске жеткен еді. «Астана Операның» жетекші балет солисі Бахтияр Адамжан осы байқаудың тарихында бірінші рет «Классикалық би» аталымында Бас жүлде иегері атанған болатын. «Астана Опера» балет солисі Серік Нақыспеков мәртебелі үшінші орынға ие болды (қола медаль).

*Анықтама

1969 жылы негізі салынған мәскеулік байқау тез арада жоғары кәсіби беделге, шығармашылық абыройға ие болды. Енді бұл әлемдегі көрнекті балет байқауларының бірі болып табылады, ал биыл сайыс оның көркемдік жетекшісі, осы заманның танымал хореографы Юрий Николаевич Григоровичтың 90-жылдығында өткізіліп жатыр. Балет әртістері мен хореографтардың халықаралық конкурсы-2017 «Орыс балетінің жылы және Мариус Петипаның 200-жылдығының» алдын алады.

Мәскеулік балет байқауы ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басында әлемдік балеттің жарық жұлдыздары атанған тамаша бишілердің тобын ұсынған еді. Олардың ішінде Михаил Барышников, Вячеслав Гордеев, Владимир Малахов, Герман Корнехо, Миса Куранага, Тьяго Суареш, Евгения Образцова, Иван Васильев, Наталья Осипова және тағы басқалары бар.

Байқаудың әділ-қазы төрағасы – КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Ленин сыйлығының, екі КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Үлкен театрдың хореографы Юрий Григорович (Ресей). Байқау әділ-қазыларының құрамы: Ресейдің халық әртісі, Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының ректоры Марина Леонова (Ресей); Ресей халық әртісі, Үлкен театрдың Прима-балеринасы Светлана Захарова (Ресей); Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Мариин театрының балет труппасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Юрий Фатеев (Ресей) және тағы басқалары.

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры