Қазақ театрының оркестрі Петерборда өнер көрсетті © munara.kz/

«Астана Опера» театрының оркестрі Санкт-Петербург қаласының Мариинский театрында симфониялық музыка концертін қойды. Қаланың 1000 астам тұрғыны мен қонақтары музыкалық кешті тамашалады, деп жазады Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

Astana teatriТеатр сахнасында қазақ, орыс және батысеуропалық композиторлардың шығармалары орындалды. Оның ішінде Е.Рахмадиевтің «Құдаша думан» симфониялық күйі, Т.Кажығалиевтің «Дала аңызы» балетінен сюита, Я.Сибелиус оркестрімен скрипка үшін концерт және С.Прокофьевтің «Ромео және Джульетта» балетінен екі сюита бар. Сибелиус концертінде жеке партияны қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев орындады.
Бұл маэстро Валерий Гергиевтың Мариинский театрында симфониялық концерт форматында өткен «Астана Опера» ұжымымен бірлескен алғашқы шығармашылық кеші болды.

Валерий Гергиев «Астана Опера» театрымен 2014 жылдан ынтымақтасып келеді.

Әзірлеген
Ғабдул М
ЕРҚҰРМАН

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры