Фортепиано эксклюзиві

24 қазан күні «Астана Операның» Камералық залында «Ф.Шопен – А.Скрябин. Қос сазгердің кескіні» фортепианоға арналған музыка кеші өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына романтизм дәуірінің музыкасын дарынды қазақстандық пианистер ұсынатын болады.

Осы кеште Камералық зал сахнасына жобаның музыкалық жетекшісі – Ф.Шопен мен А.Скрябинның музыкасын Қазақстандағы үздік интерпретациялаушылардың бірі, танымал пианист, профессор Вячеслав Узбеков, сонымен қатар жас пианистер Батырхан Сүлеймен, Ильяс Узбеков, Теодор Бычинский, Мәдина Такеева, Рахима Тойкенова, Ерлан Серкебаев, Эльмира Сұлтанғазина шығып, өнер көрсетеді.

Өзіндік ерекшелігі бар қос романтик композитор – әйгілі поляк классигі Фридерик Шопен мен батыл жаңашыл тұлға Александр Скрябинның шығармашылығын көркемдік, тереңдік, психологизм, әуезділік, сондай-ақ нәзіктік пен жеңілдіктен күшті сезім толқынысына ауысатын сыршылдық біріктіреді.

Атақты композитор Ф.Шопеннің музыкасы фортепианомен тығыз байланысты. Дәл осы салада оның жоғары жетістіктері байқалды. Аспаптың көркемдік аясын кеңейте отырып, ол оған бәрін қамти алатын мән берді.

Концерттің мазмұнды бағдарламасына Ф.Шопеннің Ноктюрн до-диез минор, Вальстер ор.34, №1 скерцо си минор, №3 баллада си минор, №1 баллада си минор, Фантазия, фа минор сынды шығармалары енген.

А.Скрябинның шығармашылығынан фортепианолық жанрлардың алуан түрлері, сондай-ақ симфониялары ұсынылған. Жарық пен түске байланысты бейнелерге шынайы қызығушылық танытқан ол симфониялық музыкаға дыбыс пен жарықты біріктіру мүмкіндіктерін іздестірумен айналысты. Тарихта алғаш рет ол түрлі түсті музыканы пайдаланған. А.Скрябин туындылары орыс мәдениетінің «күміс ғасырындағы» жауһар туындылар қатарында елеулі орын алатынын атап өткен жөн.

А.Скрябинның сирек орындалатын шығармалары, атап айтқанда Концерттік аллегро ор.18, Бес прелюдия ор.11, Соната-фантазия, Ноктюрн фа-диез минор, Бес прелюдия,  Екі этюд, Екі поэма ор.32, «Листок из альбома», Мазурка, «Ласка в танце» туындылары шырқалады.

Басталуы сағат 19:00-де.

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры