21 наурыз күні сағат 12.00-де “Астана Опера” ашық театр алаңында “Наурыз” жаңа форматта мерекеленеді

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! 21 наурыз күні сағат 12.00-де “Астана Опера” ашық театр алаңында “Наурыз” жаңа форматта мерекеленеді. Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына Этноауыл есігі айқара ашылады. Киіз үйлер, ұлттық тағамдар, театрлық қойылымдар – көрермен қауымға ұсынылатын бағдарламаның бір бөлігі ғана. Іс-шараның маңыздылығы – өскелең ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсету. Осы орайда театр басшылығы іс-шараны тамашалауға Балалар үйінен жас жеткіншектердің келуін ұйымдастырды. Балаларға қызықты да тартымды бағдарлама, оның ішінде мереке соңынан “Астана Опера” Камералық залында өтетін мазмұнды концерт әзірлеген.
Аккредиттеу үшін осы электрондық поштаға ТАӘ және БАҚ атауын жолдау қажет.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры