Оян да ән сал

16 және 17 қараша күндері Камералық зал сахнасында «Астана Операның» ең танымал жобаларының бірі – «Экран әуендері» ұсынылатын болады. Сүйікті кинофильмдердің жан жадыратар ескі әндері әрдайым балалық, бозбалалық және жастық шақтың бақытты сәттерін жадымызда жаңғыртады. Музыкалық кештің авторы Әлихан Ыдырысов таңдамасын жасаған экран әуендері шырқалмақ.

– Жобаның негізі қаланғанына 7 жылдай болып қалды, әр концерт бір-біріне ұқсамайды. Осы жолы да жұртшылықты қызықты тосынсыйлар күтуде. Музыкалық кештің тұжырымдамасы үш бөлімнен тұрады: қазақстандық, кеңестік және шетелдік әуендер. Олардың әрбіреуі бірегей аспаптармен сан алуан композициялардың орындалуын қамтиды. Біз концертке қатысу үшін әйгілі театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазинді шақырдық. «Астана Опера» балалар студиясының жас өнерпаздары тәжірибелі хор әртістерімен бірге жарқын нөмірлер дайындауда. Концертке арқау болған негізгі идея – ретро-терапия: көрермен қауым риясыз күлкіге кенеліп, жан дүниесімен тыныға алады. Залда отырғандар вокалистерге қосылып ән салғанда қашан да жағымды әсер туындайды, осындай сәттерде нағыз көңілдердің тоғысуы орын алады. Бағдарлама 1 сағат 40 минутқа есептелген.  Барлық шығармалар менің өңдеуімде шырқалады, олармен мен жарты жыл бойы жұмыс жасадым, – деп атап өтті жоба авторы Әлихан Ыдырысов.  

Тыңдармандарға көптеген жаңа дүниелер: музыкалық туындылардың прмьералары, күлдіргі нөмірлер, ерекше сценарийлер ұсынылмақ. «Ойыншық», «Джентльмены удачи», «Балалық шағымның аспаны», «Три орешка для Золушки», «Королек – птичка певчая»  кинофильмдерінен музыка және тағы басқа әуендер орындалады.

Әлихан Ыдырысов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық  консерваториясын (Алматы қ.) екі мамандық бойынша тамамадаған: Вокал-хор факультетінің хор дирижері мамандығы; Тарих-теория факультетінің оркестр дирижері мамандығы.  Әйгілі вокалист әрі дирижер Айра Сплаудинг және концертмейстер Джон Фергюсонның (АҚШ) қатысуымен «Бродвей в Алматы», белгілі дирижер Кристоф Мангудың (Франция) қатысуымен «Восходящие звезды» сияқты халықаралық жобалар мен шеберлік сабақтарына қатысқан. Балнұр Қыдырбектің «Қалқаман – Мамыр» опера-балетінің қоюшы дирижері.

Концерттің басталуы сағат 18:00-де

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры