Музыкадағы поэзия

Түрлі стильдегі бағыттар мен дәуірлердегі классикалық музыканың шеберлік тұрғыдан жеке әрі аспаптық орындалуын тыңдарман назарына «Астана Операның» аспапшылары ұсынады. 21 ақпан күні театрдың Камералық залында «Ішекті аспаптар поэзиясы» концерті өтеді.

 

Осы кеште сахна төріне «Астана Опера» сифмониялық оркестрінің музыканттары Иван Кокотов, Ілияс Жидебай (скрипкалар), Ахмет Сұлтанов (альт), Данияр Кадралинов (виолончель), Жанар Сейітханова, Раушан Сатиева (фортепиано) шығады.

– Концерт жасау идеясы Ахмет Сұлтановқа тиесілі. Жетекші әлемдік музыкалық театрлардың біріндегі әртістер ретінде, біз үшін симфониялық оркестр құрамында опера және балет жауһарларын орындаумен қатар, жеке бағдарламалармен өнер көрсетіп, камералық ансамбльде ойнау аса маңызды. Музыкада ойнаудың осынау түрлері өзара ерекшеленіп, өзгеше мінезге, бағытқа, қыр-сырға ие болады. Концерттік репертуарды таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарадық, барлық туындылар өзара үйлеседі. Күнделікті дайындықтарымыз бір демде өтуде, бар күш-жігерімізді концерттің әзірліктеріне жұмсаудамыз. Әрқайсымыздың музыкадағы өзіндік пікірі, қабылдауы, көзқарасы бар, осы шығармашылық әрекеттестік нәтиженің сапасына оңынан әсер етеді, – деп атап өтті орындаушылар.

Кең ауқымды бағдарламада – В.А.Моцарттың Скрипка мен альтқа арналған дуэті соль мажор, KV 423, ор. 28, П.Чайковскийдің «Скерцо», «Мелодия», «Вальс-скерцо», У.Примроуздың өңдеуіндегі А.Паганинидің La Campanella, Г.Фореның «Элегия», Д.Поппердың Концерттік полонезі, Г.Гендель – Й.Хальворсенның  Скрипка мен альтқа арналған пассакалиясы, С.Рахманиновтың фортепианоға ыңғайланған «Маргаритки» ор.38 №3, «Сирень» оp.21 №5 бар.

Камералық-аспаптық репертуардың ең айтулы туындыларының бірі – Ф.Шуберттың Ішекті аспаптар квартеті №14 ре минор «Смерть и девушка» D 810 шығармасы музыкалық кешті керемет тамамдайды. Веналық романтик композитордың мәнерлі де әсерлі, ерекше қанық музыкасы осынау опусты естіген әрбір жанның жүрегін тебірентеді, мұнда өмір мен өлім, адам тағдыры жайлы тақырып кеңінен қозғалады. Бір қызығы, квартет өзге де өнер туындыларының дүниеге келуіне шабыт берген. Атап айтқанда, шығарма Р.Поланскидің «Смерть и девушка», «Что?», Дж.Кэмпионның «Портрет леди», А.Кабиттың «Шерлок Холмс и дело о шелковом чулке» сынды танымал кинофильмдерінде, сондай-ақ С.Б.Беккеттың «Про всех падающих» радиопьесасында шырқалған.

Концерттің басталуы сағат 19:00-де.

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры