Желтоқсан айында «Астана Опера» Камералық залында елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерт бағдарламалары, ересектер мен балаларға арналған жарқын қойылымдар, отандық және шетелдік композиторлардың туындылары ұсынылмақ. 1 желтоқсан, Тұңғыш Президент күні, сағат 15.00-де «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!» мерекелік концертінде Қазақстан халықтарының әндері, классик композиторлардың туындылары мен Елбасының сүйікті әндері шырқалады. Бұл күні «Астана Операның» жетекші […]