Музыкалық карнавал

«Астана Операда» тыңдаушылар назарына «Патетикадан карнавалға дейінгі классика» ұсынылады. 16 наурыз күні театрдың Камералық залында халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Есімхановтың асқан шеберлікпен орындауында «Ұлы Мәртебелі Рояль» топтамасынан фортепианоға арналған музыка кеші өтеді.

Жеке орындаушы пианист Данияр Есімханов туған жерінде ғана емес, сонымен қатар Германия, Греция, Испания, Португалия, Франция, Ұлыбритания, Марокко, АҚШ және өзге де елдерде сәтті өнер көрсетуде. Атап өтер болсақ, музыканттың үлкен сахнадағы кәсіби дебюті 14 жасында орын алды. Ол – Греция мен АҚШ-тағы халықаралық байқаулардың лауреаты, Kasseler Musikfest (Германия), Animato (Франция), Amici della Pianoforte (Италия) музыкалық фестивальдерінің қатысушысы.

Солистке жүктелген міндет оңай емес: бір концерт бойы ол түрлі жанр мен классицизм, романтизм, импрессионизм, ХХ ғасыр музыкасы сынды кезеңдерді интерпретациялау өнерін паш етуі қажет.

Осы кеште Данияр Есімханов «Үлкен патетикалық соната» атауына ие болған Л.Бетховеннің атақты №8 фортепианоға арналған сонатасын c-moll, oп. 13 ұсынады. Құштарлыққа толы, біршама театрлық сипаты бар, қанық әсерлі фон, аса бай ішкі мәнге ие болуы, ауқымдылықтың қысқа пішінмен ұштасуы – осының бәрі туындының шынайы эстетикалық құндылығын көрсетеді.

Сонымен қатар бағдарламаға Р.Шуманның «Веналық карнавал» ор.26 фортепианоға арналған бес пьесадан тұратын топтамасы енді. Роберт Шуманды ерекше бай көркемдік әсерде қалдырған Австрия астанасындағы атақты карнавал мерекесі осынау жарқын шығармаға негіз болды.

К.Дебюссидің шығармашылығында жаңа кезеңге жол ашқан «Эстампы» фортепианолық топтамасы орындалады. «Эстампы» туындысының үш пьесасы үш ұлттық мәдениеттің көрінісі болып табылады. «Пагодалар» атты бірінші пьесада алыс Қытай елінің көз тартарлық бейнесі жасалады. «Гренададағы кеш» Испанияның музыкалық әлемін таныстырады, әсерлі хабанера орындалады. Соңғы «Жауын астындағы бақтар» пьесасында француз композиторы отанының мәдениетіне үн қатып, халық әндерінің әуендерінен дәйексөз алады, жауын астында жанданып, қалт еткен табиғатты суреттейді.

№2 фортепианоға арналған соната, d-moll, op.14 орындалады, ол – С.Прокофьевтің тікелей туындыларының бірі. Айқын бейнелердің өзгешелігі, олардың шебер іске асуы, пішіннің нақтылығы, ақылға салынған және оның үстіне әсер еркіндігі, асқақтылық, терең ойлылық пен жарқын лирикалық – осылардың бәрі тыңдаушылар мен музыканттардың бұл шығармаға деген айрықша махаббатының себебі болды.

Концерттің басталуы сағат 19:00-де.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры