Музыкалық суаре

«Астана Операның» керемет солистері Мәдина Исламова, Татьяна Вицинская, Рамзат Балакишиев, Ержан Саипов және Хорватиядан шақырылған сопрано Сандра Пламенац тыңдарман қауымға «Soirée» вокалдық романтикалық музыка концертін ұсынбақ. Кеш 25 тамызда театрдың Камералық залында өтеді. Концертмейстер – Амина Тайкенова ин дер Шмиттен.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына қазақ, итальян, француз, неміс, австрия, хорват және орыс композиторларының атақты вокалдық туындылары ұсынылатын болады.

В.А.Моцарттың «Дон Жуан» операсынан Дон Жуан мен Эльвираның ариялары, Ж.Бизенің «Кармен» операсынан жалынды Хабанера, Дж.Вердидің «Корсар» операсынан Медораның романсы, Дж.Пуччинидің «Қарлығаш» операсынан Магданың ариясы, Ж.Массненің «Вертер» операсынан Вертердің ариозосы, Ш.Гуноның «Фауст» операсынан Фаусттың кавантинасы, Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсынан Кляйнзак туралы шумақтар, К.Сен-Санстың «Самсон мен Далила» операсынан Далиланың ариясы, И.Тиярдовичтың «Кішкентай Флорами» операсынан Флорамидың ариясы, Н.А.Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» операсынан Грязнойдың ариясы, П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы мен ариозосы т.б. шырқалмақ.

Сонымен бірге бұл кеште тыңдарманның құлағына сіңген халық әндері орындалады, бұдан бөлек, вокалдық музыкамен қатар мазмұнды концерттік бағдарламаға Р.Шуман мен Ф.Листтың «Арнау» және Ә.Бестібаевтың «Скерцо» аспаптық шығармалары енді.

Басталуы сағ. 18:00-де.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры