Музыкалық шабыт

19 желтоқсан күні «Астана Операның» Камералық залында театр опера труппасының жарық жұлдыздары мен керемет аспапшыларының қатысуымен «Әр нотада шабыт бар…» вокалдық-аспаптық музыка концерті өтеді.

«Астана Операның» жетекші солисі, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова (сопрано) тыңдарман қауымға өз өнерін паш етпек. Сонымен қатар музыкалық кешке опера труппасының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин (баритон), симфониялық оркестр музыканттары Алексей Косырев (флейта), Любовь Ткаченко (арфа) қатысады. Фортепиано партиясында – Мәдениет қайраткері Елена Сахно.

Тыңдаушы назарына камералық музыканың атақты үлгілері, әлемдік опера жауһарларының ариялары, дуэттері мен көріністері, қазақстандық композиторлардың шығармалары ұсынылады. Классик композиторлардың танымал туындылары дауыс, флейта, арфа және фортепианоға арналған ерекше өңдеуде орындалады, олар концерттік бағдарламаларда сирек шырқалады.

Басталуы сағат 19:00-де.

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры