Алаяқтықпен айналысатын сайт “Астана Опера” театрының қойылымдарына билеттер сатуда

Интернет желісінде “Астана Опера” МОБТ спектакльдері мен концерттеріне жалған билеттер сату бойынша алаяқтықпен айналысатын сайт пайда болды.

Театрда https://astana-opera.kz/ жалған сайтынан билеттер алған елорда тұрғындары алаяқтардың құрбаны болғаны туралы хабарланды. “Астана Операның” басшылығы баршаны сақ болып, билеттерді тек театрдың http://astanaopera.kz/ ресми сайтынан сатып алуға шақырды, себебі сол билеттер ғана жарамды болып табылады.

“Қазіргі уақытта орын алған жағдайды заң шеңберінде тұрақтандыруға бағытталған әрекеттер мен жалған сайттың иелерін анықтау бойынша шұғыл шаралар қабылдануда”, – деп атап өтті театр дирекциясы.

Опера және балет өнеріне деген қызығушылық жыл санап артып, “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театрының барлық қойылымдары үлкен аншлагпен өтетіндігін айта кеткен жөн.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры