«Астана Опера» МОБТ ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

«Астана Опера» Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауының басты ережелерін талқылады.

Жолдауды талқылаудағы маңызды тармақтар – әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі мен мәдениет қызметкерлерін қолдау болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. «Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс». Мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын баса айтты. «Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылау барысында «Астана Опера» МОБТ директоры Ғалым Ахмедьяров ұжымның үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосуы керектігін әрі Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды жүзеге асыру игілігі үшін жұмыс жасау қажеттігін басты назарға алды. «Бәрімізге ортақ істің жетістікке жетуі әр қызметкердің өз жұмысына деген жеке қарым-қатынасына байланысты. Әрқайсымыз мойнымызға жауапкершілік жүгін барынша арта білсек, соншалықты шығармашылық нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігіміз жоғары болмақ», – деді Ғалым Ахмедьяров.

«Астана Опера» театрының ұжымы Жолдауды жүзеге асыру жолында өз үлесін қосуға дайын екендігін білдірді.

 

 

 

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры